2743
“Әмеңгерлік” қолданыста бар ма?
“Әмеңгерлік” қолданыста бар ма?
Әмеңгерлік сөзінің мағынасын бірі-білсе бірі біле бермейді.Қазіргі таңда қолданыста болмаған сөз болғандықтан атына, мағынасына ешкім мән бере қоймас.
Әмеңгерлік-ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр.Күйеуінен айырылған жесір әйел өзінің балаларын жетім қалдырмас үшін жұбайының қайынағасына, қайынінісіне не болмаса жақын туыстарының біріне тұрмысқа шыққан. Әкесіз қалған бала-шағасын ойлап осылай әмеңгерлік жасалған. Бұл қазақ қоғамында ерте заманнан бері қалыптасқан заң нормасы десек артық айтқандық емес. Қандай жағдай болса да, бірінші әйел адамның рұқсатын алып, некелестірген. Егерде әйел күйеуі қайтыс болғаннан кейін, басқа адамды бақытым деп тапса, жұбайының артында қалған балалары мен мал-мүлкін әулеті алып қалған.
Әмеңгерлік мәселесін бұрынғы заманда ру-ақсақалдардың басқаруымен,туыстарының ортақ ұйғарымымен шешілген. Қазіргі таңда “Көрпеңе қарай көсіл”- емес, “Заманыңа қарай көсіл” болды-ау. Жесір қалған әйелді емес ажырасқан отбасыны көп естиміз.
Әмеңгерліктің қазіргі таңда қажеті бар ма? - деген сұрақтың өзі қажет пе? -деп ойланып қаламыз. Мүмкін өмірде кездеспесе де, өзіміздің отандық телехикаяларымыздан көріп салт-дәстүріміздің барын еске түсіріп алғанымыз жөн шығар. Жуырда "Qazaqstan" ұлттық арнасының жаңа маусымында жарық көретін 20-бөлімді тың туынды осы сұрақты бейнелейді. Бұл телехикаяда әулеттің ар-намысы, ашу-ыза, қызғаныш, махаббат бастысы салт-дәстүріміздің маңыздылығы кездеседі.
Айтқымыз келгені:өзіміздің телехикаяларымызды көру арқылы бабалардан келе жатқан дәстүрімізді қайта жаңғыртып, «Жетімін жылатпаған,жесірін қаңғыртпаған» қазақи құндылығымызды іске асырудың тетігін келісіп атқарсақ, салт- дәстүрдің сақталуына көмегімізді тигізетініміз сөзсіз.
Аида Амангелдинова