Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы бірегей «Қарағанды.Талдау мектебі» жобасына қатысу үшін конкурстық іріктеудің басталғанын хабарлайды. Бұл – өңірдегі жас мамандар арасында стратегиялық ойлауды және талдау құзыреттерін дамытуға бағытталған осындай ауқымдағы тұңғыш бастама.
Жоба мемлекеттік басқару, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, медиа және азаматтық сектор сияқты негізгі салалардағы жастардың кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған. Алдағы оқудың басты тақырыбы — Қарағанды облысын тұрақты дамыту мақсатындағы талдау.
Күтілетін нәтижелер: Бес апталық курстың қорытындысы бойынша қатысушылар Қарағанды облысының мемлекеттік органдарының іс жүзіндегі жұмысында қолданылатын талдамалық материалдарды әзірлеп, тапсырады. Мектептің дәріскерлері мен жаттықтырушылары ретінде Қазақстанның танымал мемлекет қайраткерлері, жетекші сарапшылары мен талдаушылары сөз сөйлейді.
Оқу форматы мен мерзімі:
- Кезеңі: 5 апта, 2025 жылдың 8 қарашасынан 6 желтоқсанына дейін.
- Кестесі: Сабақтар сенбі күндері офлайн-форматта өтеді.
- Жұмыс тілі: Қазақ, орыс.
- Қатысушылар саны: 30 адам.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Қатысуға мына азаматтар шақырылады:
- Жасы 35 жасқа дейін.
- Магистр дипломы немесе ғылыми дәрежесінің болуы (магистранттар мен докторанттарға рұқсат етіледі).
- Мектептің барлық сабақтарына жеке қатысуға дайын болуы.
Өтінім беру тәртібі және іріктеу кезеңдері:
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
- Бірінші кезең (Өтінімдерді қабылдау және алдын ала іріктеу):
- Мерзімі: 2025 жылғы 24 қазаннан 4 қарашаға дейін.
- Нәтижесі: 50 үміткер іріктеледі.
- Екінші кезең (Әңгімелесу):
- Мерзімі: 2025 жылғы 5-6 қарашаға дейін.
- Нәтижесі: Әңгімелесу қорытындысы бойынша 30 қатысушы анықталады.
Қатысу үшін 2025 жылғы 4 қараша сағат 19:00-ге дейін өтінім мен құжаттар топтамасын келесі электрондық мекенжайға жіберу қажет: qaragandy.taldaumektebi@gmail.com
Құжаттар топтамасы (PDF форматындағы бір файлмен):
- Толтырылған өтінім (Ережеге 1-қосымша).
- Резюме
- Дипломның көшірмесі немесе ЖОО-дан анықтама.
- Мотивациялық хат (500 сөзге дейін): Қатысуға деген қызығушылықты, кәсіби мақсаттарды сипаттауы керек, сондай-ақ командаларда жұмыс істеу үшін бес бағыттың бірін нақты көрсетуі керек:
- Қарағанды облысы тұрғындарының экологиялық тұрақтылығы мен өмір сүру сапасы.
- Облыстың туристік әлеуетін дамыту.
- Қарағанды облысының шағын елді мекендері мен ауылдық аумақтарын дамыту.
- Адами капиталды дамыту және жастарды өңірге тарту.
- Білім беру жүйесін өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімдеу және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
- Жетекшіден, тәлімгерден немесе әріптестен кері байланыс жасауға болатын байланыс деректері көрсетілген ұсыныс хат.
- Бар болса — жарияланған талдамалық материалдарға, мақалаларға, сұхбаттарға немесе баяндамаларға сілтемелер.
Үміткерлерді бағалау критерийлері: оқуға деген ынта және қабілет, талдау және зерттеу қызметіндегі құзыреттер, ойды нақты білдіру және идеяларды таныстыру (презентациялау) қабілеті.
Байланыс ақпараты:
- Анықтама алу үшін телефон: 8-705-814-68-70
- Ақпарат «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ ресми аккаунттарында қолжетімді.
Амбициялы және дарынды жас талдаушыларды өңірдің тұрақты дамуына өз үлесін қосуға шақырамыз!