Африкалықтар Қарағандыға қызығып отыр. Неге?

Африкалықтар Қарағандыға қызығып отыр. Неге?

Африкалықтар Қарағандыға қызығып отыр. Неге?
ашық дереккөзі
Оңтүстік Африка Республикасы Қарағандының Индустриялық аймағына қызығушылық танытты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Оңтүстік Африка елінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кийтуметци С. Т. Мэттьюс xаным Қарағандыдағы «Maker» ЖШС зауыты мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да болып, облыс әкімі Ерлан Қошановпен кездесті.  width= «Біздің елдеріміз арасындағы қашықтықты елестету қиын - ол 14,5 мың шақырымнан асады. Бірақ сіздің біздің елге келуіңіз бұл қашықтықты қысқартуға байланысты деп ойлаймыз. Сіздердің елдеріңіз керемет, әдемі және әр түрлі екенін айта кету керек. Бізді біріктіретін ортақ нәрсе бар екенін атап өткім келеді. Мәселен, Оңтүстік Африка экспортының 52% тау-кен металлургия кешеніне тиесілі. Қарағанды облысында бұл үлес 70% асады. Және біз осы салада жанасу нүктелерін таба алар едік», - деді аймақ басшысы. Ерлан Қошанов аймақ туралы айта келе, өнеркәсіпке баса назар аударды. Облыс экономикасының негізін қара және түсті металлургия, тау-кен өнеркәсібі мен машина жасау құрайтынын атап өтті.  width= Облыс әкімі ынтымақтастық үшін басқа да ықтимал бағыттар бар екенін жеткізді. Оның пікірінше, бұл бағыттарға көмірді терең өңдеу, аграрлық сектор – негізінен мал шаруашылығы, сондай-ақ туризм жатқызылуы мүмкін. Аймақ басшысы  тау-кен металлургия кешенінде, машина жасау, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында тамаша жобалар пакетін ұсынуға дайын екендігін мәлімдеді. «Менің ойымша, үлкен қашықтыққа қарамастан біз өте жақынбыз. Қарағанды облысына мен алғаш рет келіп отырмын. Бұған дейін Алматыда, Шығыс Қазақстанда болғанмын. Қазір Қарағанды облысына көбірек назар аударғым келеді, себебі бұл индустриялық аймақ және оның біздің елмен ұқсас ерекшеліктері бар», - деп атап өтті Мэттьюс ханым.  width= Елшінің айтуынша, оны Оңтүстік Африкада бөлімшесі бар «АрселорМиттал» трансұлттық компаниясының қызметіндегі «қазақстандық көзқарас» қызықтырады. Дипломатты «Maker»-де жастармен жұмыс істеу саясаты және әйелдердің өндіріске қатысуы ерекше таңғалдырды. Мэттьюс xаным әрбір қалада мешітке міндетті түрде баратынын айтып өтті. Себебі бұл оның мәдениетінің бір бөлігі екен.  Кездесу соңында Елші қарағандылықтарды қараша айында өтетін инвестиция бойынша екінші конференцияға шақырды.  width= «Экономикасы жетекші болып табылатын Оңтүстік Африка Республикасы екіжақты қарым-қатынастарды жолға қоюға қызығушылық танытқаны бізді қуантады. Біздің кездесуіміз олардың дамуына серпін береді деп үміттенемін», - деп түйіндеді Ерлан Қошанов.