Елдос Сметов қола жүлде иеленді

Елдос Сметов қола жүлде иеленді

Елдос Сметов қола жүлде иеленді
ашық дереккөзі
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.  Елдос Сметов 60 кг салмақта қола жүлде үшін бәсекеде тағы бір қазақстандық Ғұсман Қырғызбаевпен белдесіп, жеңіске жетті. Елдос ширек финалға дейін Саод Аламириді (Кувейт), Эльиос Манзиді (Италия), Али Хоусровты (Иемен) оңай жеңді. Әйтсе де ширек финалда жапониялық Рюдзю Нагаямаға есе жіберді. Содан кейін жұбаныш белдесуінде тайпейлік Янг Юнг Уэйді таза ұтты. Тағы бір жұбаныш финалында Р.Нагаяма өзінің атақты отандасы, әлем чемпионы Наоиса Такатоны ұтып кетті. Ғ.Қырғызбаев жартылай финалда өзбекстандық Шарафутдин Лутфуллаевпен белдесуде иппонға түсіп қалды. Дегенмен оның әлем чемпионатында бесінші орын алуын тым-тәуір жетістік деуге болады. Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында 48 кг салмақта Отгонцэцэг Галбадрах сынға түсті. Ол жұбаныш белдесуінде испаниялық Мартинез Абебеленда Лаурадан ұтылып, жетінші орынмен шектелді. 147 елден 900-ге жуық дзюдошы қатысып жатқан әлем чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады.