286
Сенаторлар Арыс тұрғындарымен кездесті
Сенаторлар Арыс тұрғындарымен кездесті
Сенат депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілеме жасап хабарлайды.
Депутаттар әр тұрғынына 100 мың теңгеден беру бойынша жұмыс барысын, қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Сапар барысында шаһардағы жаңа стадионды қайта ретке келтіру мәселесі де көтерілді.
Депутаттар облыстағы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Ордабасы мен Түлкібас аудандарына барғанда субсидиялау, ауыл шаруашылығына несие бөлу, мал өнімдерінің бағасын түсіру сияқты маңызды мәселелер көтерілді. Сайрам ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде мұғалімдер мәртебесін көтеру, комуналдық төлемдер құны, әлеуметтік медициналық сақтандыр туралы сөз болды.
Сондай-ақ, Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкенттегі жұмыс сапары аясында атаулы әлеуметтік көмек арқылы үйінен тігін цехін ашып, оны дөңгелетіп отырған Тілләгүл Қарсыбаеваның шаңырағында болды. «Күміс алқа» иегері Тілләгүл Тасболатқызы сенаторға қалай шағын кәсіпке келгенін әңгімеледі. Мемлекеттен берілген қаражатқа тігін машиналарын сатып алып, жұмысын бастаған.
Кездесу барысында А.Жарылқасынқызы мемлекеттік қолдау шараларының аясында көп балалы отбасылар жаңа мүмкіндіктерге ие болатынын айтып өтті. Жалпы Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмекті алуға 68 мың отбасы құжат тапсырып, оның 40 мыңға жуығына әлеуметтік көмек тағайындалған.