21 Тамыз, 16:07 363 0 Білгенге маржан Túrkіstan International Political Weekly

Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының құрамы жаңарды

Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

«Бұрын айтқанымдай, халыққа барынша жақын болу керек. Шенеунікке тән сипаттан арылған жөн. Сол себепті, жастарға қолдау білдіріп, әсіресе, ауыл жастарын қолпаштап, интеллигенциямен тұрақты диалогты жолға қойған абзал. Сол себепті, Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев мемлекеттік қызметке өтті. Оған сәттілік тілеп қоялық. Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов мемлекеттік қызметке барып, министр атанды. Оған да рахмет!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы сөзін жалғастыра келе, Бюро құрамынан шығып қалған мүшелердің орнына «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні енгізуді ұсынды.

«Ол көпке белгілі. Газетті көтерді. Біздің интеллигенциямен байланысы мықты. Сонымен бірге, Jas Otan Жастар қанатының лидері Дәулет Кәрібекті ұсынамын. Жастардың атынан сол сөйлесін», - деді Елбасы.

 

Соңғы жаңалықтар