Қызметтік көліктің "қызығын" көрген басшы жазаланды

Қызметтік көліктің "қызығын" көрген басшы жазаланды

Қызметтік көліктің "қызығын" көрген басшы жазаланды
ашық дереккөзі
285
Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов қызметтік көлігін жеке мақсатқа пайдаланған. ҚР Мемлекетті қызмет істері агенттігінің облыстық әдеп кеңесінің отырысында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов қызметтік көлігін жеке мақсатқа пайдаланғаны үшін Әдеп кодексінің нормаларын бұзды деп айыпталған. «Осы теріс қылық жасағаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес қала әкіміне ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Яғни, ол ескерту алды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Кеңес барысында дәл осындай нормаға қайшы әрекеттер Көкпекті, Глубокое және Зайсан аудандарында да тіркелгені айтылды. Ал ШҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Бекназаров әкімдік жүргізушілерінің айыппұл төлеуден жиі жалтаратынын айтады. «Мысалы, Аягөз ауданында әкім аппаратының жүргізушісі Омарғазин өткен жылдан бастап айыппұл төлемеген. Біз Омарғазин мен әкім аппаратына айыппұл туралы жазбаша ескерту жібергенбіз, бірақ әлі төленген жоқ. Ақырында материалды сот орындаушыларға жібердік. Әрбір басшы мұндай фактілер үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Мемлекеттік орган жүргізушілері жол ережесін бұзу арқылы бірінші кезекте өз басшыларының абыройына сын келтіреді» - деді Ернар Бекназаров әдеп кеңесінің жиынында.

Серіктес жаңалықтары