LRT құрылысына Халық банк көмектеседі

LRT құрылысына Халық банк көмектеседі

LRT құрылысына Халық банк көмектеседі
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы жеңіл рельсті (LRT) көліктің құрылысына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады. «LRT бойынша: барлық нормативті-құқықтық құжаттар үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр», - деді қала басшысы Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Ол өз сөзінде қытайлық инвестициядан бас тарту туралы шешім қабылданғанын еске салды. «Бұдан бұрын айтқанымыздай, біз қытайлық қарыздан бас тартып, 800 млн АҚШ долларын үнемдеп қалдық. Біз «Халық банкпен» 3 пайыздық қарызбен 500 млн (АҚШ доллары), сондай-ақ, 100 млн (АҚШ доллары) бойынша «Бәйтерек» холдингімен келістік. Бұл қаражат жұмысты бастап кетуге жеткілікті», - деді ол.