Үндістанда ондаған мектеп оқушысы мінген автобус өзенге құлап кетті

Үндістанда ондаған мектеп оқушысы мінген автобус өзенге құлап кетті

Үндістанда ондаған мектеп оқушысы мінген автобус өзенге құлап кетті
ашық дереккөзі
Үндістанда ішінде бірнеше ондаған мектеп оқушысы бар мектеп автобусы өзен каналына құлап кетті. Бұл туралы International Business Times басылымы хабарлады. Апат 13 тамыз күні таңертең Мумбайдан 100 шақырым қашықтықта Махарашта штаты Палгхар округінде болған. Автобус Пивли-Вада тас жолымен келе жатып, құлап кеткен. Полицияның мәліметінше, жолға кенеттен шыға келген әйелді басып кетуден қашқан жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жасөспірім жарақат алды. Барлық зардап шегушілер жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.