Еуропа Таяу Шығыстан келетін босқындарды қабылдамайды

Еуропа Таяу Шығыстан келетін босқындарды қабылдамайды

Еуропа Таяу Шығыстан келетін босқындарды қабылдамайды
ашық дереккөзі
883

Еуропа енді Таяу Шығыстан келетін босқындарды қабылдамайды. Өйткені олар өз шекарасының қауіпсіздігін нығайтулары керек. Бұл туралы Франция премьер-министрі Мануэль Вальс мәлімдеді.

Франция Үкімет басшысы Франция мен Бельгия белгілі себептерге байланысты мигранттарды қабылдауды тоқтатуы тиіс деп санайды. Вальс өз сөзінде: «Бұл Германияны сынға алғаным емес. Германия өз таңдауын жасады.  Алайда ол өз жауапкершілігін сезінуі тиіс», – деді.

Мануэль Вальс 2015-2016 жылдары 30 мыңға дейін босқын қабылдау міндеттемесін орындауға ниетті екенін, бірақ Парижде 13 қарашада орын алған лаңкестік әрекетке қатысы бар жандардың кейбірі Францияға мигранттар қатарында келгенінен ел тұрғындарының хабардар екендігін де айта кетті.  Жалпы, Еуропадағы шекараларды қорғау мәселесі Париждегі лаңкестік шабуылдан кейін күшейе түсті.

Серіктес жаңалықтары