372
«Nur Otan» – еліміздегі басты саяси күш
«Nur Otan» – еліміздегі басты саяси күш
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияны жаңғырту жоспарын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуы туралы баяндалды. – Nur Otan – еліміздегі басты саяси күш. Партия халыққа жақын болып, оның мұң-мұқтажын білуге және оған қолдау білдіруге тиіс. Қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесу керек. Сондай-ақ, партиямыздың кадрлық құрамын мұқият зерттеу қажет. «Nur Otan» өз жұмысын одан әрі жетілдіруді жалғастыра беруге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы «Nur Otan» партиясының өңірлердегі филиалдары мен бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
– Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен, Саяси кеңес мүшелерімен, партияның өңірлердегі филиалдарының басшыларымен кездесу жоспарланған. Ұйымның барлық буынының ойдағыдай жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңызы зор. Сондай-ақ, партияның Мәжілістегі және мәслихаттардағы фракциялары тарапынан Үкімет пен әкімдердің жұмысын бақылауды барынша күшейту қажет, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.