Дәмханаларда санитарлық қауіпсіздік күшейтілмек

Дәмханаларда санитарлық қауіпсіздік күшейтілмек

Дәмханаларда санитарлық қауіпсіздік күшейтілмек
ашық дереккөзі

«Санитарлық тексерістен өткенін білдіретін жапсырма қағаздары еліміздің дәмхана есіктерінде пайда болады», - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев осылай деп мәлімдеді. "Көп жасағаннан сұрама, Көпті көргеннен сұра." Халық мақалдарында ғасырлар бойы жалғасқан даналық жатыр. Бұны не үшін сөз етіп отырмын? Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жас, энергияға толы, талантты, әрі әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарда білім алған топ құрылды. Бұл, Yelzhan Birtanov-тың көшбасшылығының арқасында. Күнделікті жұмыста осындай тәсіл жәрдемін тигізуде, мақал да дөп басып айтылған! Осының айқын үлгісі Facebook парақшасында.  width= Вице-министрдің сөзіне сүйенсек бұл идея министр тарапынан қолдау тапқан. Жүзеге асыру жұмыстары да басталыпты. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесінің командасы арнайы сайт дайындауда. Сайтта мобильдік қосымша арқылы жапсырма қағаздарын тексеруге, тіпті арыз-шағым қалдыруға болады. «2 апталық мерзім қойылды, есеп басталды!», – деді ол сөз соңында.