Мектеп оқушыларына биыл қандай жәрдем көрсетіледі

Мектеп оқушыларына биыл қандай жәрдем көрсетіледі

Мектеп оқушыларына биыл қандай жәрдем көрсетіледі
ашық дереккөзі

 width= Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин елордалық оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау қалай іске асып жатқанын айтты, деп хабарлайды Turkystan.kz сайты ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап. Әлеуметтік аз қамтылған санаттағы мектеп оқушыларын жаңа оқу жылына даярлау екі бағытта жүзеге асатынын Әнуар Жанғозин сөз етті. Біріншіден, жалпыға бірдей оқу қорының көмегімен, екінші жағынан «Мектепке жол» және «Жүректен жүрекке» акцияларының өткізілуімен іске аспақ. «Жалпыға міндетті оқу қорының көмегіне атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың, жан басына шаққандағы табыс көлемі төменгі күнкөріс мөлшерінен аспайтын жанұялардың, төтенше жағдайға тап болған үйлердің балаларына және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға қарастырылған. Қордың аясында көмектің бірнеше түрі енген. Яғни, күніне бір рет ыстық тамақ, мектеп формасы, спорттық киім, кей жағдайда қысқы жылы киімдер, мәдени-спорт шараларға қатысу шығыны, отбасы мүшесі төтенше жағдайда қайтыс болған жағдайда қаржылай көмек, ай сайын толтырылатын жолақы карточкасы, кеңсе тауарлары және жазғы лагерь тегін ұйымдастырылады»-деді басқарма басшысы. «Мектепке жол» акциясы бойынша 3000-ға жуық бала тіркеуде тұр. 2018 жылы акциямен 153 млн теңгеден 7,5 мың балаға қол ұшы созылған болатын. Әнуар Жанғозин демеушілерді биыл да акция белсендісі болуға шақырды. Ұйымдастырылған шара аясында мектеп оқушылары кеңсе тауарлары, спорт және мектеп формаларымен қамтамасыз етілмек. Айтуынша 2018-2019 оқу жылында 2000-нан астам оқушыға қордан көмек көрсетілсе, ендігі жылы бұл көрсеткіш артып, 8000-нан асады деп жоспарлануда. Әзірге 5000-нан астам өтініш түскен. Мектеп формасына қатысты сын да ескерусіз қалмапты. Формаларды қабылдау ата-аналардың қатусуымен өтпек, олар арнайы комиссия құрамына кіретін болды.