22 Шілде, 15:49 358 0 Көлік Túrkistan Gazeti

Алматыда LRT желісі құрылысының жобасы

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрғасының орынбасары Айдос Көбетов Алматыда LRT желісі құрылысының жобасы қандай прициппен жүзеге асырылатынын айтты.

«Алматыда LRT жобасы бар және оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша іске асыру ескерілген. Жоба екінші кезең деңгейінде тұр. Яғни жобаны жүзеге асырудың екі кезеңдік тетігі бар, бұл ретте әріптестердің өздері тиісті қаржылық-техникалық, заңгерлік шешімдерді ұсынады», - деді Айдос Көбетов Үкімет үйіндегі брифингте.

Осы орайда ол бірінші конкурстың нәтижесін жариялады.

«Бірінші конкурстың қорытындысы бойынша консорциумдағы 9 компания ішінен төртеуі өтті. Олардың құрамында Түркия, Жапония, Франция және Оңтүстік Корея бар. Атап айтқанда, бұл жоба аясында қыркүйек-тамызда екінші кезең бойынша рәсімдерді бастау көзделген. Осы ретте жоба алдында белгіленген мерзімде іске асырылмақ», - деді А. Көбетов.

Соңғы жаңалықтар