425 млн адам диабетке шалдыққан. Неге?

425 млн адам диабетке шалдыққан. Неге?

425 млн адам диабетке шалдыққан. Неге?
ашық дереккөзі
267
Диабетті ерте анықтауға арналған ұлттық скринингтік бағдарлама Қазақстандағы ересектердің 8,2 пайызы диабетке шалдыққанын анықтады. Сондай-ақ, елдегі ересектердің 38 пайызы диабетке шалдығудың алдында тұр. Дүниежүзілік диабет федерациясының деректері бойынша, әлемде 425 миллионнан астам адам диабетпен өмір сүруде. NOMAD диабетті ерте анықтауға арналған Ұлттық скринингтік бағдарламаның нәтижелеріне сәйкес Қазақстанда ересектердің 38%-ы диабет алдында тұрса, 8,2% -і диабетпен зардап шегеді. Сонымен қатар, екінші типті диабет диагнозымен 312 мың қазақстандық есепте тұр. Ал Швециядағы Каролин институтының зерттеушілері ондағы 60 жастан асқан тұрғындарға сынақ жүргізіп көрген. Зерттеуге қатысқан егде адамдардың барлығында «диабет алды» диагнозы қойылып, қандағы қант деңгейі 100-ден 125 миллиграмм-децилитр көлемінде екені анықталған. Аталмыш адамдар 12 жыл бойы зерттеушілердің бақылауында болады. Ең соңында қатысушылардың 22 пайызы қалыпты ликемияға оралып, біршама сауықса, 13 пайызында диабет өрши түскен. Қалғаны дерттің салдарынан көз жұмған. Осылайша, ғалымдар дене белсенділігі диабеттің алдын алып, өлім деңгейін төмендететінін дәлелдеген. Бұл пікірмен «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті, дәрігер Бақыт Түменова да келіседі. «Диабет алды» диагнозы 2-ші типті қант диабетіне автоматты түрде ауыспайды. Яғни, көп дүние адамның күтіміне байланысты. Ауруды асқындырмау үшін дене белсенділігі мен толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану режимдерін сақтаса болғаны. Бұл енді емделушінің ерік-жігері мен ынтасына да тікелей байланысты», - дейді отандық маман.

Серіктес жаңалықтары