1 аптада 61 адам суға батты

1 аптада 61 адам суға батты

1 аптада 61 адам суға батты
ашық дереккөзі
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер өткен аптада еліміз бойынша 61 адам суға батып, көз жұмғанын айтты.  Комитет басшысы еліміздегі ыстық шілде айының соңына дейін жалғасатынын атап өтті. Сондықтан қазақстандықтарға суға шомылу ережесін сақтауға кеңес берді. Оның айтуынша, тыйым салынған жерлерде шомылу адам өмірі үшін қауіпті. "Өкінішке қарай, өткен аптада еліміздегі су қоймаларында 61 адам суға батып өлді. Оның 22-сі бала. Төтенше жағдайлар комитеті және өңірлік құрылымдар жүргізген кешенді іс-шаралар нәтиже бермей жатыр. Адамдар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Тыйым салынған жерлерде шомылады, балаларын қараусыз қалдырады. Салдарынан осындай қайғылы оқиға болады", - деді Владимир Беккер ТЖД-нің ғимаратында өткен брифингте. Сонымен қатар ол адам өлімі көп тіркелген облыстарға тоқталды. Ақмола облысында бір аптада 11 адам суға кетті. Оның 3-уі бала. Алматы облысында 8 адам, Атырау облысында 4 адам, Жамбыл облысында 8 адам, Павлодар облысында 8 адам қаза тапты. Мысалы, Павлодар облысында бірден 3 бала суға кетті. Туыстар өзен жағасында демалған. Ата-аналар балаларына қарамаған. Салдарынан осындай қайғылы оқиға тіркелді", - деді комитет төрағасы. Владимир Беккер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бері 237 адам суға батқанын, оның 90 бала екенін атап өтті. "Сондықтан барлық тұрғынға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды өтініп сұраймын", - деп түйіндеді сөзін ол.