«TÚRKISTAN» газетінің 25 жылдығы Ыстықкөлде атап өтілді

«TÚRKISTAN» газетінің 25 жылдығы Ыстықкөлде атап өтілді

«TÚRKISTAN» газетінің 25 жылдығы Ыстықкөлде атап өтілді
ашық дереккөзі
«TÚRKISTAN» халықаралық газетінің 25 жылдық мерейтойына арналған журналистердің жазғы мектебі Қырғыз елінің Ыстықкөлінде болып өтті. 12-14 шілде аралығында ұйымдастырылған жазғы мектеп осымен жетінші мәрте өткізіліп отыр. Бұл жолғы шараға Өзбекстан, Қырғыз елі, Қарақалпақстан және Қазақстаннан журналистика саласы бойынша еңбек жазып, зерттеу жасап жүрген ғалымдар мен практик журналистер қатысты. Жазғы мектепті ұйымдастырушы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. 3 күнге жалғасқан іс шара барысында Орта Азия елдерінің өкілдері журналистикаға қатысты өзара ортақ мәселелерді талқылап, өзіндік тәжірибелерін бөлісті. [caption id="attachment_82569" align="alignnone" width="1280"] width= Фото авторы Мақсат Құсайынов[/caption] Жазғы мектептің алғашқы күні «TÚRKISTAN» халықаралық газетінің Бас редакторы Қуат Әуесбай жиналғандарға «Медиа менеджмент» жайлы дәріс оқып, қазақстандық БАҚ-тағы басқару жөнінен мысалдар келтіріп, тәжірибе бөлісті. Ал «Түркістан» халықаралық газетінің Бас редакторының орынбасары Бейбіт Тоқтарбай «Азаматтық журналистика» жайлы отандық және шетелдік БАҚ-тағы көрінісінен мысалдар келтірді. Дәріс соңында шетелдік қонақтар мен отандық БАҚ өкілдері азаматтық журналистика жайлы пікір алмасып, тақырыпты талқылады. [gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvV2hhdHNBcHAtSW1hZ2UtMjAxOS0wNy0xNS1hdC0xNi4yOC4zMi5qcGVnIiwidGl0bGUiOiJXaGF0c0FwcCBJbWFnZSAyMDE5LTA3LTE1IGF0IDE2LjI4LjMyIiwiY2FwdGlvbiI6Ilx1MDQyNFx1MDQzZVx1MDQ0Mlx1MDQzZSBcdTA0MzBcdTA0MzJcdTA0NDJcdTA0M2VcdTA0NDBcdTA0NGIgXHUwNDFjXHUwNDMwXHUwNDliXHUwNDQxXHUwNDMwXHUwNDQyIFx1MDQ5YVx1MDRiMVx1MDQ0MVx1MDQzMFx1MDQzOVx1MDQ0Ylx1MDQzZFx1MDQzZVx1MDQzMiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvV2hhdHNBcHAtSW1hZ2UtMjAxOS0wNy0xNS1hdC0xNi4yOC4yMi5qcGVnIiwidGl0bGUiOiJXaGF0c0FwcCBJbWFnZSAyMDE5LTA3LTE1IGF0IDE2LjI4LjIyIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvV2hhdHNBcHAtSW1hZ2UtMjAxOS0wNy0xNS1hdC0xNi4yOC4xNi5qcGVnIiwidGl0bGUiOiJXaGF0c0FwcCBJbWFnZSAyMDE5LTA3LTE1IGF0IDE2LjI4LjE2IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0="] Жазғы мектептің екінші күні «TÚRKISTAN» халықаралық газетінің қызметкерлері Динара Мыңжасарқызы мен Ахмет Өмірзақ жиналғандарға әлеуметтік журналистика және деректі пайдаланудағы маңыздылық жайлы баяндап, жұмыс барысындағы тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Ал жазғы мектептің үшінші күні Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғыз елінің өкілдері өз елдеріндегі журналистиканың проблемасы мен практикасы жайлы баяндады. [gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvV2hhdHNBcHAtSW1hZ2UtMjAxOS0wNy0xNS1hdC0xNi4yOC41OS5qcGVnIiwidGl0bGUiOiJXaGF0c0FwcCBJbWFnZSAyMDE5LTA3LTE1IGF0IDE2LjI4LjU5IiwiY2FwdGlvbiI6Ilx1MDQyNFx1MDQzZVx1MDQ0Mlx1MDQzZSBcdTA0MzBcdTA0MzJcdTA0NDJcdTA0M2VcdTA0NDBcdTA0NGIgXHUwNDFjXHUwNDMwXHUwNDliXHUwNDQxXHUwNDMwXHUwNDQyIFx1MDQ5YVx1MDRiMFx1MDQyMVx1MDQxMFx1MDQxOVx1MDQyYlx1MDQxZFx1MDQxZVx1MDQxMiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvV2hhdHNBcHAtSW1hZ2UtMjAxOS0wNy0xNS1hdC0xNi4yOS4wMC0xLmpwZWciLCJ0aXRsZSI6IldoYXRzQXBwIEltYWdlIDIwMTktMDctMTUgYXQgMTYuMjkuMDAgKDEpIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvV2hhdHNBcHAtSW1hZ2UtMjAxOS0wNy0xNS1hdC0xNi4yOS4wMC5qcGVnIiwidGl0bGUiOiJXaGF0c0FwcCBJbWFnZSAyMDE5LTA3LTE1IGF0IDE2LjI5LjAwIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvV2hhdHNBcHAtSW1hZ2UtMjAxOS0wNy0xNS1hdC0xNi4yOS4wMS5qcGVnIiwidGl0bGUiOiJXaGF0c0FwcCBJbWFnZSAyMDE5LTA3LTE1IGF0IDE2LjI5LjAxIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0="] Үш күнге жалғасқан жиын соңында тараптар келесі басқосуды бұдан ауқымды көлемде ұйымдастыратындарын айтып тарасты. Жазғы мектеп ұйымдастырушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры Гүлмира Сұлтанбаева дәріске қатысқандарға арнайы сертификат табыстады.

"Түркістан-ақпарат"