Жетінші ЯРКОкросс джунглиге шақырады!

Жетінші ЯРКОкросс джунглиге шақырады!

Жетінші ЯРКОкросс джунглиге шақырады!
ашық дереккөзі
20 шілде күні Нұр-сұлтан қаласында Бурабай күзет аймағының табиғи минералды суы TURAN және Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Посади Дерево» қоры ұйымдастырған ЯРКОкросс фестивалі өтеді. Триатлон парк Астана кешенінде өтетін қайырымдылық жарыстың басты тақырыбы - «Таңғаларлық джунгли». Фестиваль тарихында тұңғыш рет мәреге жеткендер медальмен марапатталады. Қатысушыларға мәреге жету үшін 5-шақырымдық «джунглиден» өту керек. Дәстүр бойынша, басынан аяғына дейін жүгірушілерге жарқын әрі экологиялық таза бояулар шашылады. ЯРКОкросста таймер жоқ, сондықтан қатысушылар ыңғайлы ырғақпен жүгіре, секіре немесе асықпай серуендей алады. Жарыстың басталуы сағат 10.00-де. Марафон аяқталғаннан кейін қатысушылар фуд-корт аумағында тамақтанып, жасыл релакс аймағының көлеңкесінде тынығып, табиғи су TURAN көмегімен су-тұзды теңгерімін қалпына келтіре алады. Сондй-ақ DJ музыкасына би билеп, серіктес ойын-сауық аймақтарында көңіл көтеру мүмкіндігі бар. Жоспарланған ойын-сауық шаралары - арасында арт-аймақ, сыйлықтар ойналатын футбол дартсы, Maxi Чай жарнамалық аймағының сәттілік рулеткасы. Ересек адамдарға онлайн төлем жасау кезінде қатысу құны18 шілдеге дейін ересектерге 5000 теңге, балаларға - 3500 теңге. Ересек адамға арналған билет қатысушылардың жиынтығында футболка, рюкзак, қатысушы нөмірі және мәреге жеткенде тапсырылатын медаль бар. Онлайн тіркелі 18 шілде күні сағат 23:59 аяқталады. . 19-20 шілде күні тіркелуіз қатысу құны балаларға 4500 және ересектерге 6000 теңге. Бұл жағдайда қатысушы жиынтығын ЯРКОкросс ақпарат орталығынан алу керек. Балалар жиынтығында футболка жоқ, бірақ оны қатысушыларға жиынтықтарды тапсыру кезінде сатып алуға болады. Үш жасқа дейінгі балалар қатысушы жиынтығысыз тегін қатыса алады. Билеттерді сілтеме бойынша сатып алуға болады. Тіркелген қатысушыларға арналған жиынтықтар 19 шілдеде 11.00-ден 22.00-ге дейін Триатлон парк Астана кешенінде таратылады. «ЯРКОкросс 7 жыл ішінде 250 адам қатысқан бірінші шағын жарыстан 17 мың жүгіруші жинаған жарқын республикалық қозғалысқа айналды. Осы уақыт ішінде фестиваль Қазақстанның 7 қаласында өткізілді және оларға барлығы 30 мың адам қатысты. Фестивальды қолдаушылар қатары артып келе жатқанына қуаныштымыз. 2019 жылы біз Алматы мен Қарағандыда өткіздік. Нұр-Сұлтан қаласынан кейін Көкшетау және Шымкент қалаларында жазғы жарыстарды жоспарлап отырмыз. Біз осы қала тұрғындары мен қонақтарын жарысқа қатысуға шақырамыз, ұмытылмас қуанышқа бөленіп, ЯРКОкросс қайырымдылық миссиясына үлес қосыңыздар», - деді жобаның бас үйлестірушісі Александра Комлеева. Фестиваль миссиясы өзгеріссіз қалды. Жиналған қаражат ағаш отырғызуға және спорт алаңдарын орнатуға жіберіледі. Жоба тобы мен еріктілер бүкіл ел бойынша 1150 ағаш отырғызды. Өткен жылы түсімдер «Аутизм победим» қауымдастығының баскетбол және волейбол алаңдарын жабдықтауға бөлінді.