АРЫСТА ТҮНДЕ ДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

АРЫСТА ТҮНДЕ ДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

АРЫСТА ТҮНДЕ ДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
ашық дереккөзі
351
Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.  Жалпы,  қалада 8401 үй тіркелсе,  оның 7097-сі зақымдалған.  Сонымен бірге 104 көпқабатты үйдің 94-іне жөндеу жұмыстары тағайындалған.
Сондықтан осы үйлерді жылдам әрі сапалы жөндеу,  қалпына келтіру үшін құрылысшылар түнде де жұмысты жалғастырып келеді. Мәселен, кейбір секторларда жер үйлердің шатырын жабу әрекеті түнде де толастаған жоқ.  Жалпы Арыстағы құрылысқа еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан келген 5 мыңдай құрылысшы,  180-нен астам мердігер тартылған.  Жергілікті тұрғындар да ақылы құрылыс жұмысына қабылданып жатыр.
17 секторға облыс,  қала әкімдіктерімен бірге аудан әкімдіктері де бекітілген.  Олар сол сектор тұрғындарын тіркеу,  құжаттарын қабылдау,  гуманитарлық көмек көрсету,  аумақты қоқыстан тазалау және өзге де жұмыстармен айналысуда.  1-секторға Атырау облысы мен Жетісай ауданы жауапты.  Мұнда 482 үй бар. Жетісайлық азаматтар түнде де штаб жұмысын тоқтатпай, тұрғындарға көмек көрсетуде.  Барлық секторда елге деген жанашырлық,  жұмысты ерте аяқтауға деген құлшыныс бар.
Жергілікті тұрғындар осы жұмысты үйлестіре білген облыс басшылығына, өзге өңірлерден көмекке келген азаматтарға ризашылығын білдіруде.  11 шілдедегі мәлімет бойынша Арыста 700-ден астам үй жөнделді.

Серіктес жаңалықтары