Заңсыз қару-жарақ сатушылар жазаланады

Заңсыз қару-жарақ сатушылар жазаланады

Заңсыз қару-жарақ сатушылар жазаланады
ашық дереккөзі
Атыс қаруын пайдаланумен жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл мақсатында полиция қызметкерлері қарудың, оқ-дәрілердің жолын кесу және оларды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шараларды жүргізіп жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі. «Жалпы, Қазақстан бойынша 84 мақсатты бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара (41 «Қару» ЖПІШ және 45 «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ) өткізілді, оның барысында заңсыз айналымнан 3277 бірлік қару тәркіленді. Оның ішінде осы жылдың сәуір айынан бері жүргізіліп жатқан қаруды қайтарусыз тапсыру акциялары шеңберінде азаматтардан 1973 бірлік атыс қаруы сатып алынды», – делінген ведомствоның хабарламасында. Жыл басынан бері атыс қаруының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар бойынша 844 қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция бөліністері арнайы іс-шаралар жүргізу кезінде 53 бірлік қысқа ұңғылы атыс қаруын, автомат, 12 ойық карабин, 157 тегіс ұңғылы қару, 60 шолақ мылтық, сондай-ақ оқ-дәрілер алды. Жасырын прокси серверлерді интернет желісінде, сондай-ақ криптовалютаны және Kiwi әмиянды пайдаланумен қару және оқ-дәрілерді сатуды мониторингілеу кезінде полиция қызметкерлері қару мен оқ-дәрілер сататын 34 шетелдік интернет-ресурсты анықтады, олардың жартысы блокталды, басқалары бойынша жұмыс жалғасуда. Аталған ресурстардың басым бөлігі «Вконтакте» әлеуметтік желісінде және хабарландырулар сайтында, жартысы жабық желілерде анықталды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.