Елдос Сметов Гран-при турнирінде топ жарды

Елдос Сметов Гран-при турнирінде топ жарды

Елдос Сметов Гран-при турнирінде топ жарды
ашық дереккөзі
Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды. Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті.  Алдымен «ваззари» ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын «иппон» ұпайымен жеңді. Осылайша, дзюдодан команда үздігі өз мықтылығын тағы дәлелдеп отыр. Бұл салмақта ел намысын қорғаған тағы бір спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуінде жеңіліс тапты.  Ал 66 келіде белдескен Елдос Жұмақанов күміс жүлдегер атанды. Елдос ақтық сында моңғолиялық Ганболт Херленмен күш сынасқан болатын. Тартысты жекпе-жектің негізгі уақыты тең аяқталып, белдесу «алтын ұпайға» дейін созылды. Қосымша уақытта Елдос қарсыласына «иппон» ұпайымен жол берді.