Шымкентте қыз алып қашу жоқ

Шымкентте қыз алып қашу жоқ

Шымкентте қыз алып қашу жоқ
ашық дереккөзі
531
Үкімет отырысынан кейін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қыз алып қашу туралы әңгімелер жәй ғана қауесет екенін айтты.  Сондай-ақ, қала әкімі журналистерге 2023 жылға дейін Шымкент қаласының кешенді даму жоспары және туристер қызығатындай қала болуы үшін не істеліп жатқанын айтты. Осы кезде журналистер қалыңдық ұрлау салтына байланысты қыздарға Шымкентке бару қаупі жайлы туралы сұрақ қойды. "Шымкентте қыз алып қашу деген жоқ. Қазір осы жағдайға тікесінен қарайтын болсаңыз оның барлығы Шымкент туралы қауесеттер екенін аңғаруға болады. Бірақ менің ойымша, кейде қыздардың өзі алып қашқанын қалайтын сияқты", - деді әкім журналистердің сұрағына.

Серіктес жаңалықтары