«Elbasy.kz» іске қосылды

«Elbasy.kz» іске қосылды

«Elbasy.kz» іске қосылды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы тың ақпараттар мен қызықты мәліметтерді енді бір жерден оқып, бақылап отыруға болады. Нұрсұлтан Әбішұлына арналған Elbasy.kz сайты іске қосылды. «Elbasy.kz сайтының жұмысына Елбасы кеңсесі, Президент іс басқармасы және Тұңғыш Президент қоры секілді бірқатар қызмет жұмылдырылды. Бұл ресурсты құрастыру үшін сайт жасау және дизайн салаларындағы біліктілігі жоғары мамандар тартылғанын да айта кету керек», – дейді Айдос Үкібай. Сайт дизайны ерекше жасалған. Тұңғыш Президенттің бастапқы беттегі суреттері қолданушы интернет-ресурсқа кірген бойда үнемі ауысып тұрады. «Біз 30 суретті таңдап алдық. Бұл – символикалық сан. Архивтік фотоларды жоғары сапада көшіріп алуға болады. Жаңа материалдар түскен сайын медиагалерея да жаңартылып отырады», – дейді Елбасының баспасөз хатшысы А.Үкібай.  Elbasy.kz сайтында Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны туралы толық мәлімет бар. Одан қалды Елбасы кеңсесіне, «Nur Otan» партиясына, Қауіп­сіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған бөлімдер де қамтылған. Тағы бір айта кетерлік жайт, сайтты шолып шыққан оқырмандар болса, пікір білдіріп өз ойымен бөліссе болады. Сайттың іске қосылғаны туралы хабарды жет­кіз­ген баспасөз хатшысы твиттерде: «Достар, Тұңғыш Президенттің ресми интернет-ресурсы Elbasy.kz  іске қосылды. Жаңа сайтқа байланысты ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді, тілектеріңізді осы посттың астына қалдырсаңыздар қуанар едім», – деп жазды.

«Түркістан-ақпарат»