315
Елордадан Арысқа жүк көлігі жөнелтілді
Елордадан Арысқа жүк көлігі жөнелтілді
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Арыс қаласына әлеуметтік көмек жіберді.
Елорданың Достық үйінде арнайы құрылған штаб "Арыс, біз біргеміз!" акциясына байланысты жиналған азық-түлік, тұрмыстық заттар және киім-кешектер мен төсек-орындарды Түркістан облысына арнайы жүк көлігіне тиеп, жолға аттанды. Бұл қайырылымдылық іске Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, қалалық 23 этномәдени бірлестіктері және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ, сондай-ақ Әзірет Сұлтан мешіті мен Нұр-Астана мешіті ат салысты.
Арнайы штаб құрылған күннен бастап барлық этномәдени орталықтар белсенділік танытып, тез арада жұмысты бастап кетті. Үш күннің ішінде штаб жұмысы алға басып, бүгін міне әлеуметтік көмекке 7 миллионнан астам 40 тонна жүк көлігі арыстықтарға бет алды.
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова: «Қазақстан халқы Ассамблеясы әрқашан көмек қолын созудан қалыс қалған емес. Бұл жолы да қайырымдылық ісін жалғастырып, қиындықта қалған жандармен бірге болды».
Осыған дейін оқиға орын алған күннен бастап республикамыз бойынша, «Арыс, біз біргеміз!» атты акцияның бастау алып кеткені мәлім. Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде елорда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бас қосып, қайырымдылыққа бағытталған істерді жүйелі атқарып шығуға уағдаласқан. Сондай-ақ, Түркістан облысы Шымкент қаласына «Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Холматұлы 22 тонна ұн жөнелткен болатын.
#АРЫСБІЗБІРГЕМІЗ!