1 Шілде, 12:20 549 0 Ішкі саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желілерде аккаунт ашты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде тіркелді, деп хабарлайды қала басшысының баспасөз қызметі. 

Қала тұрғындарына жолдаған бейнежазбасында Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі ретінде  қала тұрғындарына өз жауапкершілігін сезінетінін атап өтті. «Алматы – әрбір қазақстандық үшін ерекше қала және біз оны жақсы көреміз. Менің басты мақсатым – Алматыны қауіпсіз, ыңғайлы, заманауи мегаполис жасау. Онда әрбір Алматы тұрғыны лайықты өмір сүруге мүмкіндік алады. Мен үшін сіздердің сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызға уақтылы жауап беру өте маңызды. Мен өздеріңізбен қаланың проблемаларын және оның даму стратегиясын ашық талқылағым келеді. Миллиондаған қала тұрғындарының тағдырына байланысты ұсыныстарды қабылдауда және дұрыс шешім шығаруда сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Сіздермен  диалогқа дайынмын! »,– дейді мегаполис басшысы.

https://facebook.com/sagintayev.b/videos/373862916599907 https://facebook.com/sagintayev.b/videos/201732787425617 https://twitter.com/sagintayev_b/status/1145524862175367168 https://twitter.com/sagintayev_b/status/1145525409729175552 https://instagram.com/p/BzW74rnByBy https://instagram.com/p/BzW7mfyhVUJ Еске сала кетсек, 28 маусымда Мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар