Мектеп бағдарламасына "Қара жорға" мен "Қамажай" енді

Мектеп бағдарламасына "Қара жорға" мен "Қамажай" енді

Мектеп бағдарламасына "Қара жорға" мен "Қамажай" енді
ашық дереккөзі
1512

Қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» мен «Қамажайды» енді оқушылар мектепте үйренеді. Қытайдағы қазақ мектептері аталмыш би түрлерін ресми түрде мектеп бағдарламасына енгізді. Бұл туралы Nur.kz сайты жазды.

Енді Қытайдағы қазақ мектептерінің оқушылары күнделікті жаттығудың орнына ұлттық би қимылдарын жасап үйренбек. Мұндай жаңалықты оқу бағдарламасына енгізуге жергілікті билік те еш қарсылық танытпай, бекітіп берген. «Қара жорға» мен «Қамажайдың» сөзі, әні, қимылдары арнайы оқушыларға бейімделіп жасалған. Мұны оқушылар 25 минуттық үзілісте жасайды.

«Қытайдағы қазақ мектептерінде күніне 8 сабақ болады. 8-сабақ – ұлттық өнерге баулу пәні. Яғни оқушылар қолөнер, кесте тігу, аспап жасаудың қыр-сырын үйренеді. Бұл – кейінгі кезде оқу бағдарламасына енгізілген жаңалықтардың тағы бірі» деп жазады Nur.kz порталы.

Порталдың жазуынша, Қытайдағы қазақ мектептері сабақты екі тілде жүргізеді екен: қазақ және қытай тілдері. Сонымен қатар, ағылшын тілі пәні де оқытылады.

Серіктес жаңалықтары