ҚҰЙРЫҚ МАЙДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

ҚҰЙРЫҚ МАЙДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

ҚҰЙРЫҚ МАЙДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ
ашық дереккөзі
3492
Құйрық май – құйрық түбінде дөңгеленіп жиналған май. Мұндай май жекелеген қылшық және ұяң жүнді қой тұқымдарында болады (Еділбай қойы, Сараджын қойы, дегерес қойы, қазақтың ұяң жүңді қойы, алай қойы, гиссар қойы). Қой қысқы тебінде жайылғанда жетіспейтін қорегін құйрықтан біртіндеп алып толтырады. Құйрық  май  Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ұлттық тағамдарын дайындағанда пайдаланылады. Сынаптың жарты бидайға тең келетін тамшысын екі үлкен қасық құйрық майда араластырып, әбден ерітеді. Мұны қазақтар "өлтіру" дейді. Бұл дәрі арқылы теміреткі, ешкі қотыр, күйдіргі, күбірткі және тағы басқа қотырлардың түрін емдеу үшін пайдаланған. Құйрық май – баланың жұмсақ балғын терісін жұмсартып, қан айналымын реттейді. Нәресте қол-аяғын керіп созғанда, сәбидің буындары жазылып, денесі сымбатты болып өседі. Бұл майдың біз білетін және білмейтін емдік қасиеттері көп. Атап айтсақ, құйрық маймен бөбектің денесін сылағанда, бұл олардың дені сау, қуатты болып өсуіне ықпал еткен. Сондай-ақ, емген балаға тұмау тимейді. Сондықтан бұрындары нәрестенің аузына құйрық май салған. Баланың тамағы ауырғанда дәрі ішіп, жөтелі басылмағанкезде құйрық майды ерітіп берген жөн. Бұл майды ерітудің екі жолы бар. Біріншіден, құйрық майды еріткеннен кейін оны бірден пайдалануға болады. Екінші жолы да бар. Еріткеннен соң, оның үстіне су құйып, біраз қайнату керек. Сонда"піскен" құйрық май болады. Оған сарымсақ қосып, біраз суыған соң, 4-5 шай қасығын балаға беру керек. Келесі күні балаңыздың тамағының ауырғаны басылып, сырылдағаны кетеді. Құйрық майдың басты қасиеті – жұқпалы туберкулез ауруын емдеуінде. Ашытылған қымыздың ішіне құйрық майды, сәл ғана күшәла салып, араластырады. Кейін май қымызға сіңеді де, сап-сары, қою болады. Оны туберкулез, тыныс жолы ауруларын емдеу үшін ішеді. Қазақ емшілігі дәстүрінде осындай тәжірибе бар. Қазақ халқы қыстың аязды күнінде бет үсімес үшін құйрық майды жаққан. Қол немесе аяқтың тілінген жеріне құйрық майдың тілімін таңып қойған. Ол жараның тезірек жазылуына септігін тигізіпті.

Аян АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары