"ҮКІМЕТ" АЙДАРЫ

"ҮКІМЕТ" АЙДАРЫ

"ҮКІМЕТ" АЙДАРЫ
ашық дереккөзі
519
Жұмағалиев үш саланы тізгіндеді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне Асқар Жұмағалиевті тағайындады. Асқар Қуанышұлы Свердлов Суворов әскери училищесін, Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң академиясының Заң факультетін, Швейцариялық федеративтік технологиялар институтын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы «Жарық» ЖШС бас директоры қызметінен бастаған. Әр жылдары «Қазақтелеком» АҚ президенті, Премьер-министрдің орынбасары, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды.   Білім министрін таныстырды  width= Үкімет басшысы Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа министр Асхат Аймағамбетовті таныстырды.  Қазақ­стан Президентінің Жарлығымен Күләш Шәмшидинова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылды. Асқар Мамин К.Шәмшидиноваға жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа орында сәттілік тіледі. «Күләш Ноғатайқызы – тәжірибесі мол басшы. Министр қызметінде қарқынды жұмыс істеп, еліміздің білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосты», – деді Премьер-министр. Үкімет басшысы білім саласының жаңа басшысы Асхат Аймағам-бетовтің тиісті білімі мен үлкен тәжірибесі барын атап өтті. Асхат Аймағамбетов әр жылдары Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы, білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарды, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.   Ақтоты Райымқұлова – Мәдениет және спорт министрі  width= Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова тағайындалды. Парламент Мәжілі­сін­де әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі қызметін басқаруға Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын мақұлдады. Райымкұлова Ақтоты Рахметоллақызы, 1964 жылы дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «композиция» және «фортепиано» мамандықтарын (1987 ж.), «композиция» мамандығының асистентурасын (1994 ж.) бітірді. Ол әр кездері Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының оқытушысы, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында асистентура-стажер қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында Ғылыми-шығармашылық істері жөніндегі проректоры, бұдан соң ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті төраға орынбасарының міндетін атқарды. 2014-2016 жылдары – Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры және вице-министр қызметіне тағайындалған.     Жаңа министрліктер жұмысын бастады Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кұрылды. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында депутаттар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындауға Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасына келісім берді. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. Ал Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Сауда және интеграция министрі болып Бақыт Сұлтанов тағайындалды. Ұжымға жаңа министрді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин таныстырды. Асқар Мамин таныстыру барысында Б. Сұлтановтың басшылық қызметтердегі көп жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті. Ол экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы министрліктерін басқарған. Әр жылдарда Премьер-Министрдің орынбасары, Президенттің көмекшісі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерінде болған. Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары