Отандық көлік сатып алушыларға тиімді несие беріледі

Отандық көлік сатып алушыларға тиімді несие беріледі

Отандық көлік сатып алушыларға тиімді несие беріледі
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық банкінің сайтында отандық жеңіл автокөлік өндірісінің өнімін сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын жариялады. Құжатта көрсетілгендей, елімізде 3,8 млн көлік бар. Соңғы 10 жылда жеңіл автокөліктер паркі 49%-ға артқан. 1 мың адамға 211 автокөліктен келеді. Алайда, автокөліктер қатары ескіріп барады. Екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға автонесие беру портфелі 20,3 пайыз болды. 356 млрд теңге несие берілді. Автокредиттердің жалпы үлесі 10,7%-ға артты. 2018 жылы екінші деңгейлі банктер 222,1 млрд теңгеның 92,5 мың автонесиесін берген. «Қазақстанның автомобиль өндірісі кешені 2015-2016 жылдардағы өндірістің азаюынан енді қалпына келіп жатыр. Нарық әлі толық қамтылмаған. Отандық өндірістің дамуына көп мүмкіндік бар», – делінген құжатта. Енді болашақта отандық көлік аламын дегендерге Ұлттық банк мынадай жеңілдік береді. Берілетін ең жоғары несие көлемі 15 млн теңгеден аспауы керек. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. «Бұл бағдарламаның жүзеге асуы агроөндіріс кешенімен байланысты басқа да салалардың дамуына себепші болары анық. Жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инвестициялық климатты жақсартуға септігін тигізеді», - дейді мамандар.