30 Мамыр 2019, 16:37 1618 0 Өнер Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

«ҰЛЫ ДАЛА – КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» халықаралық этно-мәдени фестивалі шақырады

Құрметті, Алматылықтар және қала қонақтары! Сіздерді 2019 жылдың 7,8 маусым күндері Боралдай сақ қорғандарында өтетін «ҰЛЫ ДАЛА - КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» халықаралық этно-мәдени фестивалін тамашалауға шақырамыз.

Шараның басты мақсаты – қазақстандықтар мен шетелдік қонақтарға көшпенділер мәдениетін, ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету. Биылғы фестивальдің айырмашылығы, алыптар арасында күш сынасу сайысы өтеді. Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульниковтың тобы алыптар шоуын ұсынады. Ал көрермендер арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдарды әзірлеу және қолөнер бойынша қызықты шеберлік сабақтары өтеді.

Фестивальға Мажарстан, Моңғолия, Башқұртстан, Тыва, Украина, Дағыстан, Қалмақ Республикасы,Таулы Алтай,  Өзбекстан, Якутия, Бурятия, Саха Республикасы және Қырғызстан сынды 18 елден жиналған ең мықты этномузыканттар мен спортшылар қатысады.

Фестиваль аясында: 

  • 40 киіз үй, абылайша және қостар тігіліп, алтыбақандар құрылады;
  • 18 мемлекеттен ең мықты этно музыканттар мен спортшылар қатысады;
  • Этно ауылда: Түйе бау, бие бауды көріп, қымыз түрлерінен дәм татып, тас диірмен тартып, келі түйіп көруге болады;
  • Ат ойындары аймағында: Бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату ойындары т.б. болады;
  • Садақшылар аймағында: Қазақстан, Башқұртстан, Украина, Дағыстан, Монғолия, Қырғызстан, Саха, Қалмық Республикасының және т.б. елдер садақшыларының сайысы  өтеді;
  • Асау үйретушілер аймағында: Асауға құрық салу, асауды үйретіп міну көрсетіледі;
  • Алыптар аймағында: Қазақстанның 7 дүркін, Әлемнің 2 дүркін чемпионы және 2 дүркін Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульниковтың бастауымен бір топ алып, шоу бағдарламалар көрсетіп, көрермен үшін шеберлік сабақтары мен жарыстар өткізеді (күш сынасу, жалаңаш қолмен шеге қағу, темір майыстыру т.б);

  • Шеберлер аймағында: Жүн сабау, ұршық иіру, киіз, текемет басу, алаша, кілем, ши, кесте тоқу, зергерлік т.б. бұйымдар жасау көрсетіліп, көпшілік үшін шеберлік сабақтары өтеді;
  • Ұсталар аймағында: Қыш-құмыра жасау, ағаш, темір т.б. ұсталардың өнері мен көпшілік үшін шеберлік сабақтары қарастылған;

 

  • Жастар аймағында: Алтыбақан, ойын-сауық, қызбен жігіт айтысы, қолкүрес, арқан тартыс, ұлттық ойындар, атқа мініп серуендеу т.б. қызықтар болады;
  • Балалар аймағында: Аттракциондар, балалар киіз үйі, ұлттық ойындар, қуыршақ театры, қолөнер, сурет салу т.б;
  • Құсбегілер мен саятшылар аймағында: Бүркіт, ителгі, қаршыға ұшыру, құмай-тазыны аңға салу т.б;
  • Көшпенді тағамдары аймағы: Шоққа піскен таба нан, қазан қарма, балқуырдақ, әсіп, нарын, бүрмеқарын, үлпершек, жаужүрек, балқаймақ бауырсақ, құрт, ірімшік, қымыз түрлері, шұбат, сусын көжелерден дәм татасыз. Сондай-ақ, ұмылытып бара жатқан ұлттық тағамдарды жасап үйретудің шеберлік сабақтары мен көрме ұйымдастырылады;

 

  • Шоу-көріністер аймағы:

а) Саятшылардың шоу бағдарламалары;

ә) Алыптардың шоу бағдарламалары;

б) әр мемлекет өнерпаздарының шоу бағдарламалары және т.б.

 

БҰЛ СІЗ БЕН БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ!

ФЕСТИВАЛЬГЕ КІРУ ТЕГІН

«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағындағы фестиваль аймағына арнайы автобустар сағат 9.00-ден бастап келесі аялдамалардан жүреді:

 

  1. Абай даңғылы - Байтұрсынұлы көш. қиылысы (Сәтбаев пен Абай көшелерінің ортасында);
  2. Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры

(Шаляпин к-сі, 22, театр алдында);

  1. «Алатау» дәстүрлі-өнер театры (Нұркент шағын ауд., 6 театр алдында);
  2. «Алматы - 1» теміржол вокзалы (Автобустар аялдамасынан)

Билет бағасы: 100 тг. WhatsApp: 87016888486

Соңғы жаңалықтар