«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҰСТЫНЫ НЕ?

«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҰСТЫНЫ НЕ?

«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҰСТЫНЫ НЕ?
ашық дереккөзі
Тұрғын үй мәселесі қашанда өзекті. Елімізде «7-20-25» жаңа бағдарламасы іске қосылғалы бері бұл көп қойылатын сұрақтар қатарында. Бұған дейін «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бір уақытта қатарынан жұмыс істеп, бір-біріне кедергі келтірмеген-ді. Іс жүзінде солай ма? Бұған қалай қол жеткізілді? «Нұрлы жер» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілді? Алда қандай да бір өзгерістер бола ма? 2017 жылдан бері іске асырылып жатқан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы мен 2018 жылғы шілдеде басталған «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бір-біріне кедергі келтірмейді, керісінше, қатарынан жұмыс істеу арқылы азаматтарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер береді, мәселен: 1) «7-20-25» бағдарламасының мақсаты – халыққа төменгі пайызбен жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға ипотека беру. Бұл арзан ресурстардың механизмі. Оның негізгі шарттары: ресми кірісі бар әрбір жұмыс істейтін азаматқа 20% аспайтын мөлшерде бастапқы жарнамен 25 жылға дейінгі мерзімге, 7 пайыздық мөлшерлемен ипотеканы рәсімдеу. 2) Сонымен бірге, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының мақсаты – оның 5 міндетін орындау арқылы халықтың тұрғын үй мәселесін кешенді шешу: Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй құрылысы, Несиелік тұрғын үй салу, Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй құрылысына ынталандыру, Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй құрылысын жүргізу. Үкіметтің 2018 жылғы 22 маусымдағы қаулысымен «Нұрлы жер» бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. «7-20-25» енгізілуіне байланысты тұрғын үй бағдарламасынан қол қойылған келісімшарттар бойынша субсидиялар төлеу жөніндегі міндеттемелерді сақтай отырып, азаматтардың ипотекалық несиелерін субсидиялау бағыты алып тасталды (жеңілдетілген ипотека бойынша 3 мыңнан астам адам баспана сатып алды). Жаңа тұрғын үй көлемін ұлғайту және құрылыс көлемінің артуын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысы аудандарына инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруды ұлғайту жөнінде шаралар қабылданды. Бағдарламаға жеке құрылыс салушылардың белсенді қатысуы үшін әкімдіктерге салынған нысандарды сатып алу құқығы берілуде. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына да, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) клиенттері үшін де несиелік тұрғын үйді сату қарастырылған. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарға өздерінің жұмыскерлерін қолдауға мүмкіндік беретін нормалар қарастырылған. Мұндай ұйымдар жұмыскерлеріне тұрғын үй алуға қарыз бере алады, соның ішінде бастапқы жарна ретінде де бере алады. Бұл мұғалімдердің, дәрігерлердің және мемлекеттік қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешуге көрсетілетін елеулі көмек болмақ. Осы жағдайлардың барлығы әкімдіктер салып жатқан қолжетімді бағалық параметрлер есебінен ипотекалық бағдарламаның дамуына үлкен серпін береді (бір шаршы метрі үшін 140–180 мың теңге, салынып біткен тұрғын үй банктің салымшыларына 3 ай ішінде сатылады және сатылмаған үйлердің қалғаны ЕДБ клиенттеріне сатылады). Бұл бағдарламаларды салыстыруға болмайды, олар бірін-бірі толықтырып, түрлі санаттардағы азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешуге арналған. Сонымен қатар, бағдарламалардың басты айрықша ерекшеліктерінің бірі – шараларды қаржыландыру мәселелері. Егер «Нұрлы жер» бағдарламасында қаржыландырудың барлық көздері – бюджеттік қаражат, жеке инвестицияларды тарту және халықтың қаражаты қарастырылса, ал «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында құрылған «Баспана» ипотекалық компаниясы екінші деңгейлі банктерге қаржы салумен айналысады. Екі бағдарлама да тұрғын үйге мұқтаж және өздерінің тұрғын үйлері жоқ барлық төлемге қабілетті азаматтарға үй сатып алуға мүмкіндік беріледі. Сонымен бірге, халықтың аз қамтылған, әлеуметтік осал топтарына «Нұрлы жер» бағдарламасында сатып алу құқығынсыз жалдамалы үй беру және әкімдіктер желісі бойынша қымбат емес несиелік үй құрылысы қарастырылған. Әрине, сұраныс ұсынысты қалыптастырады. Бүгінгі таңда әкімдіктерде ресми тіркелген азаматтардың саны 492,5 мың адамды құрайды, ал ТҮҚЖБ-да тұрғын үй депозиттері бар адамдардың саны – 1 млн-нан асады. Сонымен бірге жоғарыда аталған кезектерде тіркелмеген тұрғын үйге мұқтаж азаматтар да бар. Былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 49,7 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 20,5 мың – жеке үй және 29 мың пәтер – көпқабатты үйлерде берілді. Одан бөлек тағы 54 мың тұрғын үй салу жоспарланды. 5 жыл ішінде Ұлттық Банктің 1 трлн теңгені тартуы арқылы халыққа жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін 66 мыңнан астам несие беру көзделген (есептеу кезінде бір ипотеканың орташа сомасы 15 млн тг деп қабылданды).  «Нұрлы жер» бағдарламасының механизмдерін өзектілендіру бойынша жоғарыда аталған шаралар тұрғын үй құрылысын ынталандыруға жол ашады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мәлімдеуінше, жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаннан кейін бөлімшелердегі клиенттер саны бірнеше есеге өскен. Олардың ең үлкені Нұр-Сұлтан мен Алматыда күніне 1500-1900 клиентке қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда ТҮҚЖБ кеңес алу үшін түрлі құралдар мен тәсілдерді ұсынуда, тікелей банкке барудың қажеті шамалы. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Астана қаласындағы бөлімшелерінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша кеңес беру мен өтінімдерді қабылдаудан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында несие беру және рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Т.Төлеген