Өрт аумағы шамамен 7 гектарды құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің жедел және келісілген іс-әрекетінің арқасында өрттің тұрғын үй секторына таралуының алдын алуға мүмкіндік туды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 50 жеке тұрғын үй құтқарылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиапас» тікұшағы барлығы 36 тоннаға жуық 12 нысаналы су тамшысын шашты. Бұл қызыл жалынды тез локализациялауға және оттың қарқындылығын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 40-қа жуық қызметкері, 9 техника, Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиаспа» тікұшағы қатысты.