Алматы облысы Талғар ауданында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады.
Алматы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 6 қыркүйекте, таңертең болған. Шақыруға бара жатқан арнайы көлік Lexus RX 300 автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалған.
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан бригада жүргізушісі жеңіл жарақат алды, сондай-ақ медициналық қызметкер мен екінші көліктің жүргізушісі тексерілу үшін Талғар орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, - делінген станция хабарламасында.
Алматы облысы Полиция департаменті де оқиғаға қатысты түсінік берді.
— Алдын ала деректерге сәйкес, арнайы көлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісінде жүріп өтіп, басқа көлікпен соқтығысқан. Аталған факті бойынша әкімшілік іс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.