Алматыдан Құлжаға ұшатын рейстер саны көбейеді

/
Алматыдан Құлжаға ұшатын рейстер саны көбейеді
istockphoto

Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы әуе бағыты бойынша ұшу жиілігі артады.

2025 жылдың қазан айынан бастап рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазіргі таңда бұл бағыт бойынша ұшақтар аптасына екі рет қатынайды.

"Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан Инин қаласының Қазақстанмен тарихи және мәдени байланысы терең. Мұндағы ірі қазақ диаспорасы мен туристер ағынының артуы бұл бағытты сұранысқа ие етіп отыр", – делінген компания хабарламасында.

Алматы – Инин (Құлжа) бағыты 2025 жылдың 18 мамырында іске қосылып, екі ел жолаушылары арасында сұраныс ие болған еді.

Айта кетейік 23 қазанға дейінгі рейстерге билеттер сатылымы қолжетімді болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары