PR мамандары да шығармашылық емтихан тапсыруы қажет

PR мамандары да шығармашылық емтихан тапсыруы қажет

PR мамандары да шығармашылық емтихан тапсыруы қажет
ашық дереккөзі
963

«Қоғаммен байланыс» мамандығына талапкерлерді қабылдаудың шарттары өзгермек. ҰБТ-дан география пәнін таңдайтын талапкер арнайы шығармашылық емтихан тапсыруы тиіс. Бұл туралы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті өткізген «Қазақстандағы PR-білім берудің өзекті мәселелері» атты халық-аралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.

Жалпы, PR ұғымы Қазақстанда 1991 жылдардан бастап пайда бола бастаған. Алғашында үгiт-нacихaт, ұpaн cөздepi бipдeн қоғaммeн бaйлaныc тepминдepiмeн aлмacтыpылды жәнe қоғaммeн бaйлaныc бизнec құpылымдapдa eмec әуелі мeмлeкeттiк оpгaндapдa дaмып, бacтay aлған болатын. Ceбeбi, поcткeңecтiк eлдepдe қоғaммeн бaйлaныcты aлғaш peт caйлay пpоцeciндe қолдaнды. Тіптен, бұл caлaның мaмaндapы болмағандықтан филологтap, жypнaлиcтep, тapихшылap, филоcофтap, caяcaттaнyшылap, пcихологтap қоғаммен байланыс мәселесімен aйнaлыcты. «Тәжірибе көрсеткендей, география пәнін таңдаған талапкерлердің басым бөлігі мақсатты түрде географиялық, геологиялық бағыттағы мамандықтарды, туризмді, тағы басқа бағыттарды таңдауға бағдарланған. Сол үшін, оқуға түсу шарттарындағы география пәнінің болуы басқа мамандықты таңдауға мәжбүрлейді. PR-маманының кәсіби қасиеттері – коммуникативтілік, креативтілік, шығармашылық көзқарас, жазу қабілеті, шешендік өнер, идеяларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыруы екендігі мәлім. Өкінішке қарай, ¥БТ-да географияны таңдаған талапкерлердің барлығы осы қасиеттерге ие деп айта алмаймын», – дейді, конференцияның ұйымдастырушы, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова.

PR қaзipгi зaмaнғы бизнecтiң eң бacты бөлiгi болып caнaлaды. Eypопaның өзiндe жeтeкшi PR aгeнттiктepiнiң бip жылғы кipici жүздеген миллион доллapды құpaғaн. Қоғaммeн бaйлaныc AҚШ, Бaтыc Eypопa eлдepiндe тұpaқты жұмыc үpдici есептеледі. Ал, Қытaйдa қоғaммeн бaйлaныc кypcы жүздeн aca yнивepcитeттiң оқy бaғдapлaмacынa eнгeн. «Қоғаммен байланыс» (PR - Public Relations) мамандығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінен ашылған ең жас мамандық. Қазақстандағы қоғаммен байланыс негізінен үкіметтік PR, саяси PR, коммерциялық PR, PR туралы білім беру сынды салаларда дамып келеді. Сондықтанда, бұл салада қазақ тілді мамандарға деген сұраныс жоғары. Мәселен, бір Алматының өзінде елімізге беделді әрі танымал жобаларды жүзеге асырумен айналысатын жеті PR компаниясы бар. Бірақ оларда қызмет атқаратын қазақ тілді мамандардың қатары өте аз. Бұл олқылықтың орнын толтыруға біраз уақыт қажет екені анық.

Бүгінде PR мамандарын дайындауды қай мектепте, бизнесте ме, журналистика саласында дайындау керек пе деген даулы сұрақ бар. Бұл туралы Огайо (АҚШ) университетінің профессоры Эми Эдмендсон: «Менің көзқарасым бойынша қоғаммен байланыс журналистикада оқытылуы керек. Бірақ, бұл да Америкада өз шешімін таппаған даулы мәселе. Америкалық еңбекпен қамту бюросының 2010-2020 жылдарға арналған жоспарында PR индустриясы 22 пайызға дейін дамиды деп болжанып отыр. Журналистік жобаларды зерттейтін ғылыми орталықтардың деректеріне сүйенсек, осыдан 35 жыл бұрын газеттерде жұмыс істеген журналистер саны, бүгінде жарты еседен де аз көрсеткішке дейін қысқарған. Бұл журналистер үшін де, қоғам үшін де қауіпті», – дейді.  Ал саясаткер, журналист Әміржан Қосанов: «PR мамандығы, ең алдымен, шығармашылық мамандық. Және де жан-жақты біліктілікті (психология, маркетинг, әмбебап мамандандырылу және т.б.) қажет ететін PR саласы үшін базалық оқу орны – журналистика факультеті екені анық, журналистика – таза шығармашылық!», – дейді. Сондай-ақ, ол PR маманын дайындау қазіргі қоғамдық әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайға сәйкес болуы қажет екендігін де айтады.

Конференцияға Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Жұмабек Кенжалин, «Казкоммерцбанк», PR директоры Қуат Домбай, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Аязби Бейсенқұлов, Қазақстан және Орталық Азиядағы «Советник» (Ресей) журналы мен порталының өкілі Владимир Павленко, Petroleum журналының бас редакторы Олег Червинский, «Тимбилдинг компаниясының» басшысы, профессор Павел Токарчук, PR-шы клубының мүшесі, Алматы Менеджмент университеті «Мемлекеттік және қоғамдық саясат» кафедрасының доценті Бақыт Тұрабекова, Республикалық «Игілік» журналының бас редакторы Меруерт Әйтенова, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Зәуреш Қойгелдиева, т.б. БАҚ өкілдері қатыстып өз ойларын ортаға салды.

Жиын соңында «Қоғамдык байланыс» мамандығы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарына Қабылдау ережесіне осы мамандықты тандаған талапкерлерді шығармашылық конкурс арқылы қабылдау, сыныптамадағы «Қоғамдық байланыс» деген атауды «Қоғаммен байланыс» деп өзгерту, мамандықтың мәртебесін көтеріп, жағымды ой-пікір туғызу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында РR саласына қатысты танымдық, тағылымдық, насихаттық мазмұндағы жарияланымдарды көбейту, РR мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруда жұмыс берушілер ұсыныстарын ескеру, жұмыс берушілер тарапынан  РR мамандығын алған түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы Қарар қабылданды.

Жәнібек ҒАЛЫМ

 

Серіктес жаңалықтары