Шетелге сатыла бастаған Шұбаркөл көмірі

Шетелге сатыла бастаған Шұбаркөл көмірі

Шетелге сатыла бастаған Шұбаркөл көмірі
ашық дереккөзі
1042

Бүгін Астана қаласында «Бәсекеге қабілетті тау-кен металлургия кешені – бәсекеге қабілетті Қазақстан» атты халықаралық форум өтті. Форум аясында Шұбаркөл көмірінің Жапония мен Польшаға сатыла бастағандығы туралы мәлімдеме жасалды.

Мұндай мәлімдемені Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының президенті Николай Радостовец жасады. «Көмір бойынша ахуал күрделі. Ресей өзінің өндірістік қуаттарын ресейлік көмірге қайта жабдықтауда. 1,5-2 жылда біз 4 пайыз Ресей нарығын жоғалтып алдық. Көмір бойынша біздің ондағы үлесіміз едәуір болатын. Алайда біз жаңа нарықтарға шығып жатырмыз. Қазір бізде Шұбаркөлдің көмірі Жапонияға сатылуда, Польшаға жеткізіле бастады», – дейді Николай Радостовец. Ал көмірдің Жапония мен Польшаға экспорттала бастауына еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ аясында транзиттік тауарлардың тасымалдану тарифтеріне қатысты жасаған келісімдері өз әсерін тигізіп отырғандығын айтады Радостовец мырза. Радостовец мырзаның айтуынша, Қазақстан аталмыш одақ арқылы Ресей порттарының ішкі тарифтеріне қол жеткізген екен.

Серіктес жаңалықтары