1139
Донор ретінде 10 литр қан тапсырды
Донор ретінде 10 литр қан тапсырды
Алматылық әскери-техникалық мектептің курсанттары 10 литр донорлық қанын тапсырды. Қалалық қан орталығында Алматы әскери-техникалық мектептің 20 астам тәрбиеленушілері 10 литр қан тапсырып, донорлық қанға аса мұқтаж адамдарға үміт отын ұялатты.
Курсанттар медициналық іріктеуден сәтті өтіп, 450 мл-ден қан тапсырды.
Бұл Алматы әскери-техникалық мектептің 20 астам тәрбиеленушілерінің медициналық мекемеге бірінші келуі емес. Әдеттегідей, ӘТШ курсанттары қан тапсыру үшін жылына 7-8 рет келеді. Әр жаңа оқушылар ағынында 25 адам Қан орталығына өз еркімен келіп, қан тапсырады. «Бұл істе мен жаңа үйренген емеспін. Алғаш рет туған атам ауырып жатқанда қан тапсырдым. Жақын адамыма менің қаным қатты көмектескеніне шексіз қуандым. Біздің бұл игі ісіміз тек бір адамның ғана өмірін сақтап қалмайды. Осыған қатты мұқтаж адамдарға көмектескеніме мақтанамын» - деді курсант Қуат Сатыбалдиев.
Айта кету керек, Қазақстан бойынша ең көп тәрбиеленушілер санын Алматы әскери-техникалық мектебі оқытады, үміткерлерді іріктеуді қаладағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өткізеді. Осы жылы мұнда 600 аса адам «Атқыш» мамандығы бойынша оқудан өтеді.