XI республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

XI республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті

XI республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті
ашық дереккөзі
603
 1-18 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бірлесіп ұйымдастырған XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өз мәресіне жетті. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шара болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту, білім алушының оқу танымдық белсенділігін ынталандыру, дарынды білім алушыларды іріктеу және оларға шығармашылық серпін беруді көздеді. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жоғарғы оқу орындарының 350-ге жуық студенттері 12 мамандыққа қарасты 16 номинация бойынша сайысқа түсті. Олардың ішінен іріктеліп, 80 нен астам дарынды өнерпаздар лауреат атанды. «Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін биылғы өнер мен білім додасының ерекшелігі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында өтті. Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы ұйымдастыруға қолдау білдірген ҚР Тұңғыш Президенті  -  Елбасы қорына алғыс білдіремін. Мұндай іc шаралар келешек ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, бәсекеге қабілетті ұлт болуға өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Өнер сайысы биыл да жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта да еліміздің дарынды жастарының басын қосатын шарамыздың аясы кеңейіп, жалғасын табады деген үміттемін. Барлық жеңімпаздарды өз атымнан құттықтаймын», - деді өз сөзінде Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Арман Жүдебаев. «Халық әні» номинациясы бойынша 2 орынды иеленген Атырау қаласынан келген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Қабыланбеков Айбек: «Осындай қиырда жатқан Алатау баурайындағы Алматы қаласына келіп, ұлттық өнеріміздің қара шаңырағы саналатын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында байқауға қатысып жүлдегер атану мен үшін үлкен мәртебе. Олимпиадаға жан-жақтан келген қатысушылармен танысып, ой бөлісіп осы жерден көп нәрсе алдым деп айта аламын. Ұйымдастырушыларға, біздерді бағалаған қазылар алқасына рахметімді айтамын». «Баян, аккордеон» номинациясы бойынша 1 орынды иеленген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Дәулетқан Мәди: «Қазақстанның көптеген оқу орындарынан келген қатысушылар арасында  бірінші орынның бұйырғанына әрине қуаныштымын. Мұндай жарыстардың шығармашылық мамандықта білім алатын біз сияқты ізденуші жастарға пайдасы мол ғой. Тәжірибе алмасасың, өсесің дегендей. Олимпиада ұйымдастырушыларына және ұстазыма алғысымды білдіремін». XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының жеңімпаздары:
  1. «ДОМБЫРА» номинациясы
 1 орын - Әлімжанова Тұрсынзада. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2 орын  - Базарбаева Назерке, Тұрсынбек Ілияс. Құрманғазы атындағы ҚҰК 3 орын – Балғабаев Ерсұлтан, Бекенова Анель, Миянова Жадыра. Құрманғазы атындағы ҚҰК 
  1. «ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АСПАПТАР» номинациясы
1 орын. Жайлауқызы Гүлфайруз. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2-орын. Уатхан Жұмағали. ҚазҰӨА, Айтуарова Нұрай. Құрманғазы атындағы ҚҰК 3 орын. Қабышева Жансая, Махшархан Ляйла, Кенжеғазиева Аяулым. Құрманғазы атындағы ҚҰК
  1. «ХАЛЫҚ ӘНІ» номинациясы
1 орын. Алиев Ерсейіт. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2 орын. Қабыланбеков Айбек. Х. Досмұхаммед атындағы Атырау мемлекеттік педагогикалық университет. Қуанбек Елбол. ҚазҰӨУ 3 орын. Нұриддинұлы Бек, Көшербаева Диана. Құрманғазы атындағы ҚҰК. Есхат Нұрали. ҚазҰӨУ 
  1. «ҚОБЫЗ-ПРИМА» және «БАЯН, АККОРДЕОН» номинациясы
1-орын. Дәулетқан Мәди. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2-орын. Кушеров Ерик. Құрманғазы атындағы ҚҰК, Әбілқасымов Азамат, ҚазҰӨУ 3- орын. Мағжанов Мирас, Жаңбырбаев Нұрболат, Демесін Ғали. Құрманғазы атындағы ҚҰК
  1. 5. «ЖАЛПЫ ФОРТЕПИАНО» номинациясы
1 орын. Шекербек Айым. Құрманғазы атындағы ҚҰК, 2 орын. Қабдуалиев Дәулет, Пазыл Карина. Құрманғазы атындағы ҚҰК, 3 орын. Казиева Мәншүк, Шемуратова Александра, Төлеубаева Анель. Құрманғазы атындағы ҚҰК 
  1. «ФОРТЕПИАНО» номинациясы
1 орын. Балтабай Саиддин. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2 орын. Малюхов Никита, Умурзаков Олжас. Құрманғазы атындағы ҚҰК, 3 орын. Кенесова Гауһар, Тойшыбекова Анель, Әбдірахман Гүлдана. Құрманғазы атындағы ҚҰК,
  1. «ҰРМАЛЫ ЖӘНЕ ҮРМЕЛІ АСПАПТАР» номинациясы
1-  орын. Омаров Данияр. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2- орын. Қадірбеков Санжар, Көпбаев Әділет. Құрманғазы атындағы ҚҰК, 3- орын. Оразбек Әділхан, Слейманкул Алишер. Құрманғазы атындағы ҚҰК, Давлетханов Равиль. ҚазҰӨУ
  1. 8. « ІШЕКТІ АСПАПТАР» номинациясы
1-орын. Ильмуратов Самат. 2-орын. Мартинова Анастасия, Тұрсынбекова Меруерт 3-орын. Чиркова Вероника, Картенбаева Айгерім, Жарылқ
  1. 9. «АРТ-МЕНЕДЖМЕНТ» номинациясы
1-орын. Үмбетов Нұрғиса. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2-орын. Белгібай Жансерік. ҚазҰӨА, Монтаева Әлия. ҚазҰХА 3-орын. Берликулова Бұлбұл, Құрманғазы атындағы ҚҰК, Касенова Асел. ҚазҰӨУ, Төлепова Айдана. ҚазҰӨА 
  1. 10. «ХОРДЫ ДИРИЖЕРЛАУ» номинациясы
1-орын. Урумбаев Медет. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2-орын. Сабитова Дана, Тоқтарова Надима. Құрманғазы атындағы ҚҰК   3- орын. Жақсылық Қайрат, Шарип Аршат, Камалқызы Жанерке. Құрманғазы атындағы ҚҰК
  1. КОМПОЗИЦИЯ «ТҮПНҰСҚАДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ» номинациясы
1-орын. Кийзатов Еркежан. Құрманғазы атындағы ҚҰК, 2-орын. Нұрсұлтанов Дінмұхаммед, Яковлев Никита. Құрманғазы атындағы ҚҰК 3- орын. Құлахмет Әлібек, Макажанов Батырхан. Құрманғазы атындағы ҚҰК, Анетова Асел, ҚазҰӨУ 12. «ОПЕРАЛЫҚ ӘН САЛУ» номинациясы 1-орын. Серік Біржан. Құрманғазы атындағы ҚҰК, 2-орын. Вичкуткина Виктория, Садуахасова Анна, Құрманғазы атындағы ҚҰК 3-орын. Нұрлла Марьям, Амангелдиева Назым, Толепбергенов Ардақ. Құрманғазы атындағы ҚҰК
  1. 13. «КОНЦЕРТТІК-КАМЕРАЛЫҚ ӘН САЛУ» номинациясы
1-орын. Айтжанова Анель. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2-орын. Тілеген Әлила. Құрманғазы атындағы ҚҰК 3-орын. Жиенбаева Ақгүл. Құрманғазы атындағы ҚҰК
  1. «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» МАМАНДЫҒЫ «МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ХОРМЕИСТРЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ» номинациясы
 1-орын. Шайменова Айдана. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2-орын. Тілеубеков Мағжан. Құрманғазы атындағы ҚҰК. Қарабалаева Зарина. ҚазҰПУ. 3-орын. Сағиева Арайнұр. Ақтөбе университеті. Болатов Айбек, Құрбанбаева Айгүл. Құрманғазы атындағы ҚҰК  
  1. «МУЗЫКАЛЫҚ АҒАРТУШЫЛЫҚ: ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ТӘСІЛДЕР» номинациясы
 1-орын. Тұрсынбек Қуаныш. Құрманғазы атындағы ҚҰК 2-орын. Бақытбекұлы Ержан. Құрманғазы атындағы ҚҰК Мұхади Мадина. ҚазҰПУ. 3-орын. Төлебаев Олжас. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті. Құдайбергенова Ақсана. Құрманғазы атындағы ҚҰК.  Жұмабек Назерке. Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Серіктес жаңалықтары