301
Назарбаевты Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы етіп тағайындайды
Назарбаевты Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы етіп тағайындайды
"Коммерсант": Назарбаевты Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы етіп тағайындайды
Нұр-Сұлтанда 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Оған ұйымға мүше елдердің (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения) президенттері қатысады.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы ашылған жаңа қызмет бұл форумның күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналады деп жазды "Коммерсант" газеті.
Ол биыл 19 наурызда отставкаға кетті. Қазір ұйымның құрметті төрағасы деген қызмет жоқ, оның құзыреті де анықталмаған. Бар білетініміз, ЕАЭО құрметті төрағасы басқа елдер алдында одақ атынан шыға алады.
Назарбаев 1994 жылы ЕАЭО құру идеясын ұсынған. Биыл ол 79 жасқа толады.