437
Президенттің үлкен қызы елінің имиджін көтермек
Президенттің үлкен қызы елінің имиджін көтермек
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің үлкен қызы Саида Мирзияева ақпарат және қоғаммен байланыс агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалды.
12 сәуірде Ташкентте өткен жиында президент әкімшілігінің жетекшісі Зайнилобиддин Низомиддинов Саида Мирзияеваны ұжымына таныстырған.
Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөзінің айтуынша, Саида Мирзияева Өзбекстанның әлем алдындағы имиджін көтеру ісімен айналысады және мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысын бақылайды.
Бұл қызметке бір ай бұрын келген Наргиза Рахимова исламдағы көп әйел алу жайлы пікір айтып, әлеуметтік желіде сынға ұшыраған. Кейін оның еңбек демалысына кеткені хабарланды.
Осыған дейін президенттің кіші қызы Шахнозаның мектепке дейінгі білім министрінің орынбасары екені айтылған. Ресми ақпаратқа сәйкес, Шавкат Мирзияевтің екі қызы, бір ұлы және бес немересі бар.