Мемлекет басшысы Өзбекстанда

15 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барды.

Жексенбі күні Қазақстан Президентінің ұшағы И.Кәрімов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонды.

Мемлекет басшысын Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдуләзиз Камилов және Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкходжаев күтіп алды.

9befab2072bcb3c868e30585f9f8b43d

Ақорда баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында екі елдің Президенттері сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көліктік-транзиттік ынтымақтастықтың екіжақты өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күнтәртіптің басты тақырыптарын жан-жақты талқылайтын болады.

ee45a7a43bdfc928ef215546ab2a0f74 sm

Екіжақты кездесу барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қою да көзделген. Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев  Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Back to top button