Трамп пен Ким Чен Ын Вьетнамда кездесетін болды

Трамп пен Ким Чен Ын Вьетнамда кездесетін болды

Трамп пен Ким Чен Ын Вьетнамда кездесетін болды
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен ақпанның 27-28-і күні Вьетнамда кездесетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Ақ үй қожайыны Конгресте жасаған жолдауында мәлімдеді. Бірақ басқосуда қандай мәселелер талқыланатыны әзірге белгісіз. Сарапшы тараптар осыған дейін қол қойылған келісімнің жүзеге асырылуын, Кореяның ядролық әлеуетін тексеру мен санкцияларды азайтуды қарауы мүмкін деп отыр. Айта кетейік, АҚШ президенті мен Солтүстік Корея басшысының алғашқы кездесуі былтыр 12 маусымда Сингапурде өткен болатын. Онда Пхеньян ядролық қарудан бас тартуға, ал АҚШ бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне кепіл беруге келісті.