253
Вашингтон метросында қуатты жарылыс болды
Вашингтон метросында қуатты жарылыс болды

Вашингтон метросының Росслин стансасында қуатты жарылыс болды. Бұл туралы хабар BreakingNLive туиттер-аккаунтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс өте қуатты болған. Арнайы қызметтер жақын маңдағы көшелерді жауып тастады. «Автобус жүргізушісінің айтуынша, бұл трансформатор болуы керек», - дейді куәгерлердің бірі.
News Flash порталының хабарлауынша, трансформатордың жарылғанын полицейлер де растаған.
Вашингтон метрополитені қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бұл оқиға жерасты көлігіне қатысты емес. Келеңсіз жағдайдың егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.