4 Ақпан, 15:24 455 0 Спорт Назым Тойлыбаева

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы өмірден озды

Шаңғымен трамплиннен секіру бойынша төрт дүркін Олимпиада чемпионы болған фин спортшысы Матти Нюкянен 55-ке қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Финляндияның Iltalehti басылымына сілтеме жасап.

Нюкянен спорттың осы түрінен Финляндияның ең көп жүлде алған спортшысы болды. Олимпиаданың төрт алтынынан тыс, оның қоржынында Әлем чемпионатының бес алтын медалі бар.

Спортшы мансабын аяқтаған соң, ішімдікке салынып, соның салдарынан екі рет түрмеге де түсіп шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар