3 Ақпан 2019, 14:20 729 0 Қауіпсіздік Назым Тойлыбаева

28 жастағы ер адам мұз астына түсіп кетті

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат

Алматыда көл арқылы жолын қысқартпақ болған ер адам мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 жастағы ер адамның жанайқайын ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Республикалық жедел-құтқару жасағының маманы естіген. Ол көл жағасындағы құтқару стансасының шолу мұнарасында кезекшілікте болған. Құтқарушылар көмекке дереу жетіп, оны бір минуттан кейін судан алып шыққан.

Анықталғандай, ер адам үйіне қайтарда жолды қысқартпақ болып, мұзы жұқа көлдің бетімен жүрген. Мас күйде болған ол, мұздың үстімен жүруге тыйым салатын белгілерге мән бермеген.

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындары мен қонақтарына түнде, қолайсыз ауа райы жағдайында, тұман түскенде, жауын-шашынды күнде мұз үстімен жүрмеуге кеңес береді.

 

Соңғы жаңалықтар