270
Қазақстандықтар қай әндерді жиі тыңдайды?
Қазақстандықтар қай әндерді жиі тыңдайды?
«Яндекс.Музыка» қазақстандықтардың қайталап жиі тыңдайтын әндерін анықтады, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Үздік 20 композициның ішінде бірінші орында, тыңдарман ең көп қайталап қосқан - рэпер MATRANG-тің «Медуза» әні. Ал одан кейін қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің «Медина» трегі тұр.
Ал Қазақстанда әндерін жиі тыңдайтын үздік 10 орындаушының тізімі мынадай:
- Jah Khalib
- Imagine Dragons
- Скриптонит
- LOBODA
- Мот
- XXXTentacion
- Егор Крид
- Miyagi & Эндшпиль
- Элджей
- HammAli & Navai «Яндекс. Музыка» сарапшылары статистиканы зерттеп, орыс тілді орындаушылар көп тыңдалатынын анықтады.