352
Италияда құлдырау басталды
Италияда құлдырау басталды

Италияда елдің ішкі өнімі екі тоқсан бойы төмендеген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Билік бұл үрдіс одан әрі жалғасуы мүмкін деп алаңдап отыр. Премьер-министр Джузеппе Контенің пікірінше, Италиядағы қазіргі жағдайдың орын алуына әлемде соңғы жылдары күшейген сауда соғысы себеп. «Сондықтан мемлекет қазір ел экономикасын қайта жандандыруға күш салу керек», – дейді үкімет басшысы.
Айта кетейік, Италия – Еуроодақ елдері арасында сыртқы қарызы ең үлкен мемлекет. Оның көлемі 2 триллион 300 миллиард еуроға жеткен.