Mirage 2000 әскери ұшағы апатқа ұшырады

Mirage 2000 әскери ұшағы апатқа ұшырады

Mirage 2000 әскери ұшағы апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
Үндістан Әскери әуе күштерінің Mirage 2000 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Indian Express басылымына сілтеме жасап. Ұшақ жұма күні елдің оңтүстік-батысындағы Бангалор қаласында сынақ кезінде жерге құлаған. Апат салдарынан ұшқыштардың екеуі де опат болды. Пилоттар ұшақ апатқа ұшыраған сәтте катапульта жасап үлгерген. Алайда, оның бірі ұшақ құлаған жерде қаза тапты. Ал екіншісі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, сонда көз жұмды. Жойғыш ұшақ ағыны жоғары автомобиль жолынан 100 метр қашықтықта құлаған. Жол бойында бірнеше ІТ-компания орналасқан. Оқиға себептері егжей-тегжейлі тексерілуде.