Өзбекстанда әскерилердің 700 баласы ЖОО-да тегін оқиды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Отанды қорғау күнімен және Қарулы күштердің құрылғанына 27 жыл толуымен халқына құттықтау жолдады, деп жазды centralasian.org.

«Біз елдің қорғанысына аса жоғары мән береміз, Отанды қорғаушыларға және олардың отбасына лайықты өмір сүру үшін қолдан келген жағдайдың бәрін жасаймыз. 2019 жылы әскери қызметкерлер үшін 116 көп қабатты үй салынып, жеңілдетілген несиемен пәтер береміз. Әскерилердің 700 баласына елдегі жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант беріледі», – делінген президенттің құттықтау хатында.

Шавкат Мирзияев сонымен бірге бүгінгі күні биліктің барлық тармағы мен халық «Армия мен халық – бір!» деген қағидамен өмір сүріп жатыр деді.

Мұнан бөлек ұлттық және ғаламдық қауіпсіздікке қатер төндіріп жатқан халықаралық терроризм, экстремизмге қарсы тұру үшін Өзбекстанда жаңа қорғаныс тұжырымдамасы қабылданғанын мәлімдеді.

Back to top button