792
ҚР педиатриялық қызметтің соңғы 10 жылдағы жетістігі
ҚР педиатриялық қызметтің соңғы 10 жылдағы жетістігі
Ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша басымдық берілген стратегиялық шаралар 2016-2020 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы өз шешімін тауып, соңғы жылдары балалар мен нәрестелер өлім-жітімі көрсеткішінің төмендеуіне мүмкіндік берді. Соңғы 10 жылда балалар өлім-жітімінің көрсеткіші 2 есеге (2017 жылы 1000 нәрестеге шаққанда 10,2) және нәрестелер өлім-жітімінің 2,6 есеге (2017 жылы 1000 нәрестеге шаққанда 7,9) төмендеді.
Бұл туралы бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «ҚР педиатриялық қызметтің соңғы 10 жылдағы жетістігі» атты тақырыппен өткен брифингте атап өтілді.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрайымының міндетін атқарушы Жанар Сауранбаеваның айтуынша, ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасында босандыру мен балалық шақ қызметінің тиімділігін арттыру бойынша біріктірілген үлгіні енгізу жөніндегі Жол картасы жүзеге асырылуда. «Балалар денсаулығын қорғау денсаулық сақтау саласының, мемлекет пен қоғамның ең өзекті және ең маңызды мәселелерінің бірі. Себебі, балалардың денінің саулығы ересектер денсаулығының әлеуетін қалыптастырудың іргелі негізін құрайды. Еліміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ана мен баланың бірге болуы, тек қана емізу, күні жетіп туған және ересек балаларды бағып күтуге жіберуге арналған «Қауіпсіз ана» стратегиясын қабылдады. Қазақстанда Орталық Азиядағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен салыстырғанда бір жасқа дейінгі балалар өлімі (7,9‰) нәрестелер өлімі көрсеткіші деңгейінен 1,2 есеге төмен (ТМД бойынша – 9,3‰: Қырғызстан – 19,9‰; Тәжікстан – 11,8‰, Өзбекстан – 10,7‰; Әзірбайжан – 9,8‰; Ресей – 7,3‰). ҚР ДСМ-нің жанынан Балаларға медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Өңірлердегі балаларға медициналық көмек көрсетуді мониторингілей отырып, ана мен бала өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі Республикалық штаб ұйымдастырылды, көшпелі отырыстар өткізілді. 2018 жылы басқарушылық шешімдер қабылданған Республикалық штабтың 13 отырысы өтті. Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты енгізілді», – дейді Ж.Сауранбаева.
Брифингте педиатриялық қызметтің соңғы 10 жылдағы жетістігі атап өтілді. Елімізде балалардың туа біткен даму ақауын (әрі қарай – ТДА) жатырішінен анықтап қана қоймай, сонымен қатар жүкті әйелдерді емдеу әдісін жүргізуге мүмкіндік беретін перинатальдық диагностикалау жетілдірілуде. ТДА-дан болатын 1 жасқа дейінгі бала өлімі соңғы 10 жылда 1,5 есеге азайды, бұл пренатальдық диагностиканың жақсаруына және жедел араласу әдістерінің жетілдірілуіне байланысты, дейді мамандар.
– «ТДА бар нәрестелердің өміршеңдігі 86%-ды құрайды. Жоғары білікті хирургтар асқазан-ішек жолдарының ТДА бар балаларға, гепатобилиар жүйесінің, кеуде бөлігінің ауруларына күрделі оталар, урологиялық және абдоминальдық патологияларға шағынинвазивті бейнеэндоскопиялық араласулар жасайды. ТДА, полипоз, Гишпрунг аурулары кезінде 98% жағдайда сауығуға мүмкіндік беретін хирургиялық емдеудің бірегей әдістері әзірленді. Реконструктивті проктопластика әдістері операциядан кейінгі асқынулар санын 3 еседен аса азайтты, 96% балаларда ұзақ мерзімді оң нәтижелер бар. Республикада балалар кардиохирургиялық қызметі дамып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы бойынша туа біткен жүрек ақауы бар балаларға арналған 145 кардиохирургиялық төсек-орын және осы науқастар үшін 28 кардиохирургиялық реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған. Жыл сайын ашық жүрекке 2000-нан астам ота жасалады, соның ішінде 3-4 күрделілік деңгейінде және 500-ден астам рентгенэндоваскулярлық жедел араласулар жасалынады. Ретинопатияға шалдыққан шала туылған балаларға хирургиялық көмек көрсету кезінде жақсы нәтижелер алынды: регресс және процестің тұрақтануы 94,7%, ал 4-5 сатыдағы шала туылғандар ретинопатиясының белең алуы тек 5,3% ғана. Бұрындары осы балалардың барлығы мүгедек болып қалатын, – деді Педиатрия орталығы басшысының міндетін атқарушы Ж.Сауранбаева.
ПБХҒО басшысының педиатрия жөніндегі орынбасары Гүлнар Абдилованың айтуынша, Қазақстан Республикасында балалар онкологиялық және гематологиялық қызметін жетілдіру бойынша Жол картасы және балалардағы сирек (орфандық) ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа стандартарын енгізу бойынша Жол картасы жүзеге асырылуда.
– «Соңғы жылдары медицинаның жетістіктерінің арқасында онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың өмір сүру ұзақтығы артып келеді, ал олардың басым көпшілігі іс жүзінде сауығуға қол жеткізуде. Бұл жетістіктерге біздің республикамызда лейкемияға шалдыққан балаларды емдеуде 20 астам уақыт қолданылып келе жатқан BFM неміс бағдарламасы мысал болатын химиотерапияны таңдамалы қарқындату, бағдарламалық емдеуді іске асыру есебінен қол жетті. Қазіргі кезде жіті лимфобластық лейкозға шалдыққан балалардың өміршеңдігі жоғары мөлшерлі ПХТ қолдану нәтижесінде ҚР-да 78%-ды құрайды, яғни, бұл дегеніміз әлемдік нәтижеге жақын. Әлемдік жетекші орталықтарда осы ауруға шалдыққан балалардың өміршеңдігі бүгінгі күні 80-85%-ды құрайды», – деп атап өтті Г.Абдилова.
Оның айтуынша, 2013 жылдан бері тығыз ісіктер заманауи еуропалық бағдарламамен емделіп келеді, бірақ емдеудің ерте талдау нәтижелері бойынша бірқатар ісік түрлерінен жалпы өміршеңдік әлемдік деректерге жақын: ҚР-да лимфома кезінде – 80% (әлемдік– 83%); бауыр ісігі кезінде – 82,4% (әлемдік 95%); аналық без және аталық без ісіктері – 73% (әлемдік 75%).
– «2012 жылдан бастап республикада балаларға гемопоэздік өзектік жасушаға 151 трансплантациялау жасалында, ГӨЖ аллогендік трансплантациялау тиімділігі 75,3% және аутологиялық - 71%-ды құрады. Осы ауруға шалдыққан балаларды Республикалық бюджет қаражаты есебінен диагностикалау және фермент алмастырғалық емдеумен қамтамасыз ету бойынша мәселелер шешімін тапты. Балалардағы орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеудің алгоритмдері, пациенттің МСАК деңгейінен Республикалық мекемеге дейінгі бағыты әзірленді. Өңірлерде талап етілген мамандықтар бойынша кадрларды мақсатты дайындауды қамтамасыз ете отырып еліміздің кадрлық әлеуетін нығайту және дамыту бойынша шаралар өткізіледі. Бағдарламалар, оқыту түрлері, білім мен практикалық дағдыларды бағалау қағидалары жетілдірілуде. Елімізде шұғыл көмек көрсету дағдыларын шыңдау үшін тренингтік (симуляциялық) орталықтар жұмыс істейді. Республикалық орталықтар базасында педиатриялық бейін бойынша дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін көтеру жүйелі түрде қамтамасыз етіледі. 2017 жылғы қыркүйек айында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде педиатрия факультеті қайта ашылып, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде педиатрларды дайындауға 150 грант бөлінді. Ерте жастағы балалардың күтімі мәселесі бойынша халық арасында білімді дәріптеу тұрақты түрде өткізіліп тұрады. ҚР өңірлерінде Жол картасы аясында БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры бағдарламасы бойынша нәрестелер мен ерте жастағы балаларды патронаждық бақылаудың әмбебап-прогрессивтік үлгісін енгізілуде. Пилоттық жоба 2017 жылы Қызылорда және Маңғыстау облыстарында енгізілген болатын (сынама жоба нәтижесінде нәрестелер өлім-жітімі көрсеткіші Қызылорда обл-да 2016 жылғы 9,5‰-дан 2017 жылғы в 8,9‰-ға дейін, Маңғыстау облысында 2016 жылғы 9,4‰-дан 2017 жылғы в 7,9‰-ға дейін төмендеді). Әмбебап-прогрессивтік үлгісін енгізу республика бойынша өтуде», – деді Г.Абдилова.
Брифингте Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі Гүлайым Байтанатова неонатологиялық қызметтің соңғы он жылдағы жетістіктерін тілге тиек етті.
– "Балалардың денсаулығы тікелей ананың денсаулығына байланысты. Біздің орталыққа ауыр патологиялары бар аналар жатады. Орталық жылына 3000-нан аса әйелдерді босандырады. Туа бітті ақауымен дүниеге келген, хирургиялық көмекті қажет етететін нәрестелдерді бірден Педиатрия орталығына жібереміз. Біз бұл орталықпен тығыз қарым-қатынастамыз. Жылдан-жылға тиімді перинаталдық технологиялар жақсарды. Соңғы 10 жылда перинаталды өлім-жітімі 30-дан 5,5 промилге, ерте жастағы неонаталды шетінеу 15-тен 3,2 промилге, неонаталды өлім-жітімі 20-дан 3,5 промилге төмендеді", – деп атап өтті Г. Байтанатова.
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың доценті, Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының неонатолог дәрігері Гүлмира Алтынбаева:
– "Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында жаңа туылған нәрестелерге, оның ішінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша 500 гр-нан жоғары мерзімінен ерте туылған нәрестелерге алғашқы көмек көрсетіледі. Соңғы 10 жылда мерзімінен ерте туылған нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші едәуір жақсарып келеді. Әрине, бұл тиімді перинаталды көмек пен күтімнің, заманауи технологияны пайдалану мен оны игерген жоғары тәжірибелі неонатологтардың, акушер-гинекологтардың қажырлы еңбегінің арқасында. Біздің орталықтың неонатологтары нәрестелерді емдеумен қатар, республикамыз бойынша бірнеше аймақтарда дәрігер неонатологтарға «нәрестелерге алғашқы реанимациялық көмек» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізіп, консультативті-әдістемелік жұмыстар жасап, телемедицина арқылы үнемі кеңес беріліп отырады. Сондай-ақ орталығымызда С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің болашақ неонатолог-резиденттері тәлім алып, болашақ маман болып қалыптасуында біздің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының ықпалы зор", – деді.
Брифингте Педиатрия орталығында жатқан ата-аналар атынан сөз сөйлеген Татьяна Севальникова: - «Менің балам қазан айынан бері онкология бөлімінде ем алып жатыр. Мүміндікті пайдаланып, дәрігерлерге алғысымды білдіргем келеді. Орталықтың мамандарына дән ризамын. Мұндағы дәрігерлер өзі ісінің білікті мамандары. Әр балаға мейіріммен, жанашырлықпен қарайды. Тегін ем алып жатырмыз. Ем шетелдік протокол бойынша жүргізіледі. Балалар мен ата-аналар үшін барлық жағдайлар жасалған. Ата-аналарға айтарым, сенімдеріңізді жоғалтпаңыздар. Үміт оты сөнбесін!», – деп тілегін білдірді.